КЕШІРІМ

КЕШІРІМ

719
2 мин
КЕШІРІМ

Егер сен адамдарды кешіре білсең, дүниенің ізеті мен ақыреттің сыйына кенелесің. Құранда «Шура» сүресінің 40-аятында:

«…Сонда кім кешірім етіп жарасса, онда оның сыйлығын Алла береді» деген.

Шекспир: «Өзің өртеніп кетпес үшін жауларыңа көп от жақпа!» деп өзгені өртегеннен көрі өзің бір шам болып жағылғаның абзал екендігін айтса керек.

Бір кісі табиғиндерден болған ғалым Салим ибн Абдулла ибн Омарға: «Сен жаман адамсың» деген кезде, ол: «Менің шынайы бейнемді сен ғана таныдың» деп, өзін жаман адам қатарына санап, өзгені жақсы адам деп санаған екен.

Бір кісі Әбу Бәкір Сыддыққа: «Алланың атымен ант етемін, сенімен бірге қабіріңе қоса кіретіндей етіп сені сөгемін» деген кезде, Әбу Бәкір (р.а.): «Керісінше ол (сөгісің) өзіңмен бірге қабіріңе кіреді» депті. Амр ибн Асқа бірде бір кісі: «Сенімен соғысуға өзімді дайындаймын» деген кезде ол: «Міне, қазір өзіңді жаман нәрсемен шұғылдандырып қойдың» деген екен.

Генерал Эйсенгауер: «Өзіміз жақсы көрмейтін адамдар жайлы ойлап бір минутымызды да босқа өткізбейік», – деп өзгені жамандауды босқа өткен уақытпен теңеген.

Алла тағала «Фұрқан» сүресінің 72-аятында:

«…Бос (пайдасыз) сөзге кездессе, ол жерден абыроймен өтеді» және осы сүренің 63-аятында:

«..Оларға білместер тіл тигізсе де ол «бейбітшілік» деп дұрыс жауап береді», – деген. Сондықтан білместердің, надандардың айтқан сөздеріне ашуланып, олармен жанжалдасудың пайдасы жоқ.

Конфуций: «Ашулы адамның тілі әрдайым уға толы болады», – деген екен.

Бір хадисте пайғамбарымыз (Ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын!) «Ашуланба! Ашуланба! Ашуланба!» деген. Тағы бір хадисте «Ашу – лапылдаған оттың шоғыны бірі» делінген.

Расында, шайтан лағынет адамды үш жағдайда жеңеді: ашуланғанда, шаһуаты көтерілгенде және бейғамдықта болғанда.

«Үміт сәулесі» кітабынан

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс