ТІЛ МЕН БОЛМЫС ПӘЛСӘПАСЫ

ТІЛ МЕН БОЛМЫС ПӘЛСӘПАСЫ

1047
3 мин
ТІЛ МЕН БОЛМЫС ПӘЛСӘПАСЫ

Көп тіл білудің хикметі

"Болмыс өзін адамдарға көрсетпейді" дейді М.Хайдеггер. Себебі, Әл-Фарабидың ойынша, "болмыс - ақылдан жоғары жаратылыс". Яғни, ақылдың болмысты (рухты) толық ұғынуға шамасы жетпейді. Ал, болмыстың сипаты әрекеттер барысында көрініс табады. Неміс ойшылы Мартин Хайдеггер: "Тіл - болмыстың үйі, ой- болмыстың өнімі" дейді. Яғни, болмыс өз үнін, сөздің көмегінсіз, ой арқылы адамға айтады, сезімдік таным және түйсік арқылы адамға сездіреді.

Демек, бірнеше тіл білу арқылы, басқа ойларға өтіп, біздің тілімізде ашылмаған болмыстардың сипаттарын, басқа тілдердің көмегімен басқа ойлар арқылы танысып отырамыз. Бірнеше тілдердің көмегімен болмыстардың өнімі арқылы "абсолютті болмыстың" (Жаратушының сездіретін және ой мен ақылға ұқтыратын жаратылыстары) өніміне көтерілеміз. Ғаламның, жаратылыстардың сырларына қанығамыз. Қасиетті кітаптардың бірі Құранда да: "сендерді ұлттардан жараттым, бір-бірлеріңді тану үшін" деп келтіреді. Мұны қазақ "жеті түрлі білім біл, жеті елдің тілін біл" дейді. Бірнеше тіл білу арқылы, ол тілдегі өндірілген болмыстардың өнімдерінен хабардар боламыз. Әр тілдегі дамыған ілімдер болмыстың ақиқатын әр тараптан зерттейді. Шығыс ойшылы Имам Әл-Ғазалише, "ақиқат деген үлкен бір піл болса, біреу пілдің қолын ұстап ақиқат деген "қол" десе, екіншісі пілдің мұрнын ұстап піл деген "мұрын" дейді". Ақиқатты әр тілдегі халықтар болмыстарының өнімі ойлар арқылы сипаттайды.

Бір тілдегі қоғамның хикметі...

Қоғам ауызбіршілікте болу үшін, ортақ тілде сөйлеу керек екендігін өткен шақтың хикметінен білеміз. Ортақ тіл - ортақ тұтас ойды, ортақ ой - ортақ тұтас болмысты, ортақ болмыстар - ортақ тұтас қоғамды құрайды. Енді керісінше ойласақ, тілден - ойға, ойдан - болмысқа, болмыстан - бірлікке өтеміз. Бірнеше тілдерден құйылған болмыстың өнімдері болған - ойлар, ортақ тіл арқылы ортақ өнімге айналады. Ол өнім бір тілдің өзегінде топтасқан қоғамның мығымдылығы мен ауызбіршілігін нығайта береді.Тағы да М.Хайдеггер, "Адам тілде сөйлемейді, тілдің өзі сөйлейді" дейді. Яғни, бір ұғымның атын әр ел әр сөзбен атағанмен, ортақ ұғымы бір. Мәселе әр тілдегі елдің жаңаша ойларды метофизикалық әлемнен туындатып, оған сөздік атау беріп, сөздерінің құндылығының артуында. Әр ұлттың болмысы тілінде сақтаулы тұрады. Тілдің ұлттың жаны деп жататыны сол. Ұлттық болмыс, ұлттық таным тілінде сақталады. Ойшыл М.Хайдеггер оны "Тіл - болмыстың үйі" деп сипаттайды. Демек, тілі жоғалған ұлттың ұлттық болмысы да, өзі де жоғалады.

Тарих адамға айна....

Жарас АҚАН

  • Комментарии

Пікір қосу

Разработано в АЛЬФА Системс