ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚАРТТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚАРТТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

1
1 мин
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ ҚАРТТАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Халықаралық қарттар күніне орай Павлодар облысының бас имамы Жұманазар Өсерханұлы қарттар үйіне арнайы барып, қариялармен жүздесті.

Кездесу барысында бас имам ақ жаулықты әжелер мен ақсақалдарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін білдірді. Қарияларға сый-сияпат жасап, арнайы сыйлықтар табыстады.

Жұманазар Өсерханұлы үлкенге құрмет көрсету, қариялардың батасын алу – халқымыздың ежелден келе жатқан асыл дәстүрі екенін атап өтті.

Кездесу барысында қариялар өздерінің ақ батасын беріп, жылы лебіздерін білдірді.

Қариясы бар үй – қазыналы үй.

Алла Тағала барша қарттарымызға ұзақ ғұмыр, зор денсаулық, көңілдеріне тыныштық нәсіп етсін!

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс