СҮННЕТКЕ ҚҰРМЕТ – ҰЛТТЫҚ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ

СҮННЕТКЕ ҚҰРМЕТ – ҰЛТТЫҚ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ

5
1 мин
СҮННЕТКЕ ҚҰРМЕТ – ҰЛТТЫҚ МҰРАҒА ТАҒЗЫМ

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Павлодар қалалық «Ғазиз» мешітінің ұйымдастыруымен қалалық мешіттердің жамағаты мен діни қызметкерлері арасында «Сүннетке құрмет – ұлттық мұраға тағзым» атты дәстүрлі садақ атудан жарыс өткізілді.

Тағылымды шараға қаламыздағы 6 мешіт пен Әбу Бәкір Сыддық медресе-колледжінің өкілдері қатысып, мергендік пен дәлдіктің, ептілік пен шеберліктің үлгісін көрсетті.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар төмендегідей орындарға ие болды:

???? І орын – Омар әл-Фаруқ мешіті

???? ІІ орын – Әбу Бәкір Сыддық медресе-колледжі

???? ІІІ орын – Ақмешітке қарасты мешіттер командасы

Жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен және марапаттармен ұлықталды.

Бұл шараның негізгі мақсаты – Пайғамбарымыздың ﷺ сүннетіне деген құрметті арттыру, ұлттық спорт түрлерін жаңғырту, жамағат арасындағы бірлік пен бауырмалдықты нығайту.

Пайғамбарымыз ﷺ садақ атуға ерекше мән беріп, мұсылмандарды мергендікке және дене шынықтыруға ынталандырған.

Жарысқа қатысқан барша командаларға алғысымызды білдіреміз!

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Алла Тағала ынтымағымызды арттырып, игі бастамаларымызға береке берсін!

Ұйымдастырушы:

Павлодар қалалық «Ғазиз» мешіті

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

9.jpeg

10.jpeg

11.jpeg

12.jpeg

13.jpeg

14.jpeg

15.jpeg

16.jpeg

17.jpeg

19.jpeg


  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс