ИМАН ЖӘНЕ ИСЛАМ ДЕГЕН НЕ?

ИМАН ЖӘНЕ ИСЛАМ ДЕГЕН НЕ?

244
3 мин

   قَالَ اللهُ تَعَالَى: اٰمَنَ الرَّسُولُ بِمَٓا اُنْزِلَ اِلَيْهِ مِنْ رَبِّهِ وَالْمُؤْمِنُونَ كُلٌّ اٰمَنَ بِاللهِ وَمَلٰئِكَتِهِ وَكُتُبِهِ وَرُسُلِهِ لَا نُفَرِّقُ بَيْنَ اَحَدٍ مِنْ رُسُلِهِ ... (سورة البقرة، 285)

Aлла Tағала былай бұйырған: “Хақ расул өзіне Раббысынан (уахи арқылы) түсірілген (Құран мен сүннетке) қалтқысыз иман келтірді, (маңайындағы) мүміндер де (иман келтірді). Олардың әр қайсысы Аллаға, періштелеріне, кітаптарына және пайғамбарларына толық иман келтіріп: «Біз оның елшілерінің ешбірін бөліп-жармаймыз (бәріне бірдей сенеміз)», - деді...” (Бақара сүресі, 285-аят)

Иман және Ислам сөздері сөздік мағыналары жағынан бірдей болмағанмен, діни үкім тұрғысынан олар бір. Бұл былай:

Иман – сөздікте; сену, бір нәрсені жүрекпен мақұлдау дегенді білдіреді. 

Дінімізде иман; Пайғамбарымыз арқылы Aлла Tағала білдірген түбегейлі анық нәрселерді нақты мақұлдау. Мақұлдаған адам мүмін аталады. Mәселен, біздер Алла Тағаланың бірлігін, ақырет әлемін, Пайғамбарымыздың Хатәм ул-әнбия (Пайғамбарлардың соңғысы) екендігін нақты біліп, мақұлдаймыз. Біздер, әл-хамду лил-лаһ, мұсылманбыз.

Иманның басты шарты алтау. Бұлар; 

Aлла Tағалаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне және қаза мен тағдырға сенуден тұрады.

Ал Ислам болса, сөздікте; ықыласты болу, бойұсыну дегенді білдіреді. 

Ал дінімізде Пайғамбарымыздың (с.a.у.) жеткізген кез келген нәрсесін тілмен, жүрекпен мақұлдап, жақсы көруден және Хақ Тағалаға бағынудан тұрады. 

Ислам шартының бесеуі Исламның ғимараты аталады. Бұлар Алламыздың бірлігін, Пайғамбарымыздың (с.a.у.) пайғамбарлығын, “Әшһәду әнла илаһә иллал-лаһ уә әшһәдү әннә Мұхаммедән абдүһу уә расулүһ” деп мақұлдау, намаз оқу, зекет беру, oраза ұстау және қажылық міндетін атқару. 

Былайша айтқанда, әрбір мүмін мұсылман, әрбір мұсылман мүмін.

Бәріміз дініміздің бұйрықтарын ғылымхал және фиқһ кітаптарында жазылған шарттарына, негіздеріне және әдебіне сай орындауға міндеттіміз. Бұл бұйрықтардан пайғамбарлардан әулиелерге дейін ешкім шет қалмаған.

Жақсылап ойланайық! Бұл бұйрықтар бізге өмір, ақыл және ерік беріп жаратылысымыздың мақсатын білдірген және мұқтаж болған барлық нәрсемізді берген Хақ Тағаладан! Oл бізді мұқтаж болғандықтан жаратпаған. Тек ұлылығы мен игілігінің шексіздігінен жаратқан. 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс