МAZHAB.KZ ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ҮЛГІМЕН БАСТАДЫ

МAZHAB.KZ ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ҮЛГІМЕН БАСТАДЫ

363
2 мин
МAZHAB.KZ ПОРТАЛЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН ЖАҢА ҮЛГІМЕН БАСТАДЫ

МAZHAB.KZ ақпараттық, рухани-ағарту порталы жаңа үлгімен, жаңа бағытпен өз жұмысына кірісті. Портал редактоы Амантай ТОЙШЫБАЙҰЛЫ аталмыш порталдың жаңа үлгісін Павлодар қалалық имамдары мен «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің дін қызметшілерінің жиынында танытым өткізді.

Білікті де білімді имам, ұстаз Жолдас қажы Қоспақұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Павлодар облысы бойынша бас имамы болып тағайындалған күннен бастап аймақта асыл дінімізді өркендету мақсатында көптеген игі істер, сауапты да жауапты бастамалар қолға алынып, жүзеге асып келе жатыр.

Солардың бірі – Павлодар облыстық «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінің діни танымдық «https://mazhab.kz/kz» сайты жаңарып, жаңа үлгімен, жаңа бағытпен қайтадан өз жұмысына кірісті.

Сайт жалпы оқырмандарға арналған, екі тілде (қазақша/орысша).

Сайттың құрылымында 10 бөлім бар. Бас мүфти бағаны, жаңалықтар, мақалалар, аудио, видео, бес парыз, ғибратнама, сұрақ-жауап, мазхабтар және бөлімдер.

Қоғамда маңызды рөлге ие «Дәстүр құндылықтары», «Атадан қалған асыл сөз», «Құран», «Хадис және сүннет», «Отбасы және бала тәрбиесі», «Жат ағымдар ақиқаты», «Ислам тарихы», «Адал ас», «Құлшылық» мәселелері де осы сайттан орын алған.

Ең бастысы – облыс тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарын, ұсыныстары мен пікірлерін осы сайтқа жолдап, толыққанды жауап ала алады.

Сондай-ақ, сайтта «Электронды кітапхана», «Зекет калькуляторы», «Намаз уақыттары», «Әлеуметтік желі парақшалары», «Облыстық мешіттерінің бас имамдары», «Call орталығы»- айдарлары орналасқан.

Алла Тағала баршаңызға деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, әр ісіңізге береке берсін! Әмин!







  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс