Алғашқы жазылған тәпсір еңбектері

Алғашқы жазылған тәпсір еңбектері

133
27 мин
Алғашқы жазылған тәпсір еңбектері

Д Сайлауұлы Философия және саясаттану факультеті, дінтану және мәдениеттану кафедрасы, Алматы, Қазақстан Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Ғылыми жетекші: доцент м.а., PhD Мұқан Н.

Автор исламтану магистранты: Сайлауұлы Д., dake.1996.sailauuly@mail.ru

Алғашқы жазылған тәпсір еңбектері

Аннотация:Ғылыми мақалада тәпсір ұғымы қысқаша беріліп, Құранның алғашқы тәпсір еңбектері жайлы және оны бірінші болып хатқа түсірген авторлар анықталатын болады. Сонымен қатар тәпсір еңбектерінің жалпы Құран аяттарының мән-мағынасын дұрыс түсінудің қоғамға тигізетін әсері мен маңыздылығына теориялық талдаулар жүргізіледі. Ислам тарихындағы алғашқы және кейінгі ғалымдардың зерттеулері бірінші болып осы тәпсір саласына басымдылық берілетін. Өйткені Құрандағы мухкам (мағынасы ашық) және муташабиһ (мағынасы көмескі) аяттарды дұрыс түсіну арқылы барлық ғылымға жол ашылатын болған. Сондықтан тәпсір саласында зерттеу жүргізетін ғалымға осы саладағы жазылған еңбектер мен авторларды білу маңызды болып табылады. Көптеген тәпсірші ғалымдар өздерінен алдын өткен муфассиршілердің еңбектеріне сүйеніп отырған. Тізбек ретінде жалғасып келе жатқан бұл сала күнібүгінге дейін осы әдіснаманы сақтауда. Қоғамда туындап жатқан қайшылықтар Құранды дұрыс түсінбеу салдарынан өршіп келеді. Бұндай теке-тірестер елдің болашағына, бірлігіне әсер етпей қоймайды. Әр нәрсенің бастау алатын негізгі принциптері болады. Алғашқы принциптер нәтижесінде көптеген ғылыми тұжырымдар қалыптасады. Тәпсір саласындағы көптеген еңбектер алғашқы өзектің жемістері болып табылады.

Түйін сөздер: тәпсір, автор, муфассир, сахифа, алғашқы

The first written works of tafsir

D Sailauuly Faculty of Philosophy and Political Science, Department of Religion and Cultural Studies, Kazakh National University named after Al-Farabi, Almaty, Kazakhstan

Abstract.In the scientific article, the concept of tafsir will be briefly presented, and the authors of the first tafsir works of the Qur'an will be identified. At the same time, theoretical analyzes of the impact and importance of correct understanding of the meaning of the Qur'anic verses in general are carried out. The researches of early and later scholars in the history of Islam are the first to be given priority in this field of interpretation. Because the way to all sciences was opened by correctly understanding the muhkam (clear meaning) and mutashabih (obscure meaning) verses in the Qur'an.Therefore, it is important for a scientist conducting research in the field of interpretation to know the written works and authors in this field. Many commentators relied on the works of earlier commentators. This industry, which continues as a chain, continues to follow this methodology to this day. Conflicts arising in society are increasing due to misunderstanding of the Quran. Such conflicts cannot but affect the future and unity of the country. Everything has basic principles from which it starts. Many scientific conclusions are formed as a result of first principles. Many works in the field of interpretation are the fruits of the first topic.

Key words:tafsir, author, mufassir,sahifa, first

 

Кіріспе

Тәпсір сөзінің тілдік (لغة) мағынасы- « сөздің мағынасын ашу, түсіндіру, баяндау»,- деген мағыналарға саяды. Араб тілі кітаптарында тілдік мағынасы былай келтірілген. التفسير في اللغة: الْفَاءُ وَالسِّينُ وَالرَّاءُ كَلِمَةٌ وَاحِدَةٌ تَدُلُّ عَلَى بَيَانِ شَيْءٍ وَإِيضَاحِهِ

والتَّفْسير كَشف المُراد عَنِ اللَّفْظِ المُشْكل «Тәпсір дегеніміз- түсініксіз, анық емес сөздің өрісін,мақсатын ашып беретін термин».

Ал, терминдік ( اصطلاحا) мағынасы – «Тәпсір ілімі- Құран ғылымдарының бірі және  Мұхаммедке(с.ғ.с) түсірілген Аллаһтың кітабын түсінуге және оның мағынасын ашып, үкімдері мен даналықтарын шығарып беруге көмектесетін ғылым» [1, 15 б.].

علم التفسير هو احد علوم القرءان. ويشتمل على معرفة فهم كتاب الله⸲المنزل على نبيه المرسل (صلى الله عليه و سلم)⸲و بيان معانيه⸲ واستخراج ﺃحكامه و حكمه.

  «Лисанул араб» кітабында да осы мағынада келген.  «التفسير في الاصطلاح: بيان معاني القرآن الكريم».

Яғни , Тәпсір ғылымы-Құран Кәрім аяттарының мағыналарын түсіндіретін ілім.

Құран аяттарының, кіріспе де айтылып өткендей мағыналары анық келмеген аяттардың түсінігін тәпсірсіз түсіну мүмкін емес. Тәпсір саласы Құран ғылымдарынан тармақталып шыққан ілімдердің бірі. Сонымен бірге тәпсірлік мағынада жеткен хабарларды қамтый алады. Тәпірдің бірнеше түрі және ұзақ жылдық тарихы бар мектептері де бар. Тәпсір ілімінің де ішіне қамтыған алуан түрлі салалары бар. Мысалы: Әсбабу ән-Нузул,Насх және Мансух, Меккелік немесе Мәдиналық, фиқһтық үкімдері, Құранның Иғробы, Бәләға, Мұхатабаттардың түрлері, Фауасилдер, сүрелер мен аяттар арасындағы байланыстар тағыда басқа салалары бұрынғы және қазіргі дәуірдегі тәпсір кітаптарының ішінен табылады.

Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) өмір сүрген дәуірінде Ислам ғылымдары немесе пәндері теориялық тұрғыда болғанымен, қазіргі кездегідей классификацияға түспеген болатын. Оның, да өзіндік маңызды себептері болған. Басты себептерінің бірі- Құран аяттарның түсуі пайғамбар (с.ғ.с) өмірінің аяғына дейін жалғасуы мен сол замандағы Құран төңірегіндегі ғылымдардың қажеттілігі туындамауы еді. Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) алғашында Құраннан басқа еш нәрсе жазуға рұқсат бермеген. Аллаһ елшісі ол турасында мына хадисінде былай деген:

« عن أبي سعيد الخدري أن رسول الله -صلى الله عليه وسلم- قال: «لا تكتبوا عني، ومَن كتب عني غيرَ القرآن فَلْيَمْحُه، وحدِّثوا عنِّي ولا حَرَج، ومَن كذب عليَّ -قال همام: أحسِبه قال: مُتعمِّدًا- فَلْيَتَبوَّأ مَقْعَدَه مِن النار».

Әбу Сағид әл-Худриден риуаятетілген хадисте.Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл хадисінде: «Менен бір нәрсе жазбаңдар. Кім менен Құранннан басқа бір нәрсе жазған болса жойсын. Менен естігендеріңді жеткізіңдер. Күна арқаламайсыңдар. Кімде-кім менің атымнан әдейіліп жалған сөйлесе,өзіне тозақтан орын дайындай берсін»,-деп келеді[2, 70 б.].   Муслим риуаят еткен.

Ғалымдардың көзі алдымен тәпсір ғылымына түскен болатын. Өйткені тәпсір- барлық діни ғылымдардың негізі. Тәпсір-Құран аяттарының мағынасын зерттейтін ғылым ретінде Құран ілімдерінің бір саласы ретінде қалыптасқан. Сонымен қоса, тәпсір саласында «Ғариб -Құран», «Насих пен мансух», «Әсбәбу ән-нузул» сияқты Құран ілімінің саласы болып табылатын тараулар да қамтылған. Өйткені бұл тарауларды білмей тұрып тәпсір ғылымын түсіну және меңгеру мүмкін емес. Ерте кезде жазылған тәпсір кітаптары Құран ілімдерінің басты дерек көзі болып табылған. Сондықтан, Тәпсір ілімі мен Құран ілімдері бір-бірімен өте тығыз байланысты.

Тәпсір саласы осындай сындарлы сағаттардан өтіп барып жүйелі түрде қалыптасқан. Тәпсір ғылымы бір күнде, бір айда немесе бір жылда ғана қалыптаса салған ғылым емес. Бәлки, сан ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ілім. Бұл ілімді дамытуда тәпсірші ғалымдардың еңбегі өте зор. Кез-келген адам құранды ашып алып тәпсірлеуге дәрежесіде және құқығыда жоқ. Құранды тәпсірлейтін ғалымға қойылатын міндетті шарттар бар.

Ғалымдар, құранды тәпсірлегісі келген муфәссирге төмендегі бір топ ғылым салаларын жетік меңгеру керек екенін шарт еткен. Бұл ілімдерді меңгерген муфәссир ғалым Құранды тәпсірлеген кезде түрлі қателіктерге ұрынбайтын болады. Сонымен қоса, Аллаһ Тағалаға қатысты ілімсіз қандайда бір сөз айтудан қорғайды. Ол ілімдер мыналар:

1-Тіл ғылымы (علم اللغة): Сөздердің мағынасын және синонимдерін орындарына сай ашықтай білуге мүмкіндік береді.

2-Синтаксис  ғылымы (علم النحو): Бұл ілімді меңгерудің себебі, мағыналар граматикалық талдауға (اعراب) байланысты түрленіп, өзгеріп отырады. Сондықтан оны міндетті түрде жетік білуі тиісті.

3-Морфология ғылымы (علم الصرف):  Өзгермейтін сөздер түрі және қалыбы осы ілім арқылы танылып білінеді.

4-Этимология ғылымы  (علم الاشتقاق) Есім сөздің сөз жасамы қарама-қайшы екеу болса олар әр түрлі болып келеді.

5,6,7-Шешендік өнер немесе Риторика (علوم البلاغة الثلاثة) Бұл үш ілім: Бәдиғ(поэтика), бәиән (стилистика), мәғани (риторика) ілімдерін қамтыйтын Бәләға ғылымы. Бәдиғ ілімінде- сөздердің кемел, көркем бейнелері білінеді. Бәиән ілімінде- құрлымның сипаттары, яғни сөздердің мәні жағынан ашық және құпия, әртүрлі болуын анықталады.  Мәғани ілімінде – құрлымның сипаттары мағыналы түсінік беріу тұрғысын әртүрлі болуын қарастыратын ғылым.

8-Ақида және Кәләм ғылымы (علم الكلام او علم اصول الدين): Аллаһ Тағала үшін рұқсат етілген, міндет және мүмкін емес болған сипаттар, пайғамбарлық, ақырет секілді мәселелерге қатысты – муфәссирде дұрсы сенім болуы тиісті. Барлық аят-хадистерді тұтас қарастырып барып тәпсірлеуі тиіс. Мүташабиһ аяттарды құранның ірге тасы болған Мухкам аяттардың негізінде түсініу және ашықтау үшін бұл ғылымға жүгінбеген жағдайда, діннің негізгі ұстындарында жаңылысу болады.

9-Фиқһ негіздері ғылымы (علم ﺃصول الفقه): Аяттардан діни үкімдерді қалай шығару керек екендігінің әдістерін көрсететін бұл ілімде ұғымдардың жалпылама және түсіндірме, егжей-тегжейлі,жалпы не шектеулі мағына, қандайда бір шектеумен шектелмеген әрі сол себепті көп мағына мен әртүрлі болуы мүмкін, жорамал жасалған, үкімі жойылған, үкімін жойған деген сияқты тармақтар осы ғылым арқылы танылады.

10-Аяттардың түсу себептер ғылымы (علم ﺃسباب النزول): Аяттардың қандай жағдайға байланысты түскендігін, кейбір аяттар сырттай қарағанда бір-бірімен неге қайшы көрініп тұрғандығын анықтап беретін ғылым.

11-Қырағат ғылымы (علم القراءات):  Құран Кәрімде біршама сөздер әртүрлі қырағатта оқылып, бұл жағдай әртүрлі мағыналардың туындауына себеп болған.

12-Тарих және қоғам ғылымы (علم القصص):  Адамзат баласы душар болған тарихи оқиғаларды қарастырады. Аллаһ Тағала соңғы кітіп етіп түсірген Құранда бұрынғы өткен қауымдардың кітаптарында айтылмаған нәрселерді баяндағын. Сонымен қатар, алдыңғы өткен қауымдардың қиссаларын, олардың иләһи заңдарын келтіреді. Құран ол қиссалар жайлы мұқият хабар береді.

13-Насых және Мансұх ғылымы (علم الناسخ و المنسوخ):  Шариғат үкімінің кейіннен келген екінші бір шариғи үкіммен жойылуы. Алғаш түсіп, үкімі жойыоған мәтін «Мансұх» деп аталса, кейін келіп, алдыңғы аяттың үкімін жойған мәтін «Насых» деп аталады.

14-Хадис ғылымы (علم الحديث):  Жалпылама аяттарды және олардың анық емес тұстарын Пайғамбарымыздың сүннеті ашықтап береді.

15-Мәуһибә ғылымы (علم الموهبة): Өзінде бар білімге амал еткендерге Аллаһ Тағаланың илхәм арқылы көрегендік пен дарындылықты нәсіп етуі.Кәфияжи осы  ілімді қосымша етіп қосқан болатын.  Пайғамбарымыз бір хадисінде: «Кімде -кім білген нәрсесіне амал етсе, Алла оған білмеген нәрсесін үйретеді»,-дейді. [3/53,54 б.]

Алғашқы тәпсір жазбалары

Тәпсірдің жалпы қалыптасуын 5 қадаммен ықшамдап түсіндіретін болсақ бізге өте түсінікті болады. Сонымен бірге тәпсірдің ретке келтіріліп жазылу кезеңінде біле аламыз.

1. Тәпсірдегі алғашқы қадам ( الخطوة الاولى للتفسير). Алла елшісі (с.ғ.с), сахабалар және табиғиндар кезеңінде бір-бірінен риуаят жолымен өрбіп отырды.

2. Екінші қадам (الخطوة الثانية). Сахаба және табиғиндар кезеңінен кейін, яғни әтбағу-Табиғиндар кезеңінде хадистің тәдуин кезеңі басталған болатын. Бұл өз кезегінде Алла елшісінен (с.ғ.с), сахабалардан және табиғиндардан жеткен тәпсірге қатысты мәліметтер жинақталды. Құранды басынан аяғына дейін сүре-сүре бойынша немесе аят-аят бойынша арнайы жеке тәпсірлейтін іс қолға алынбағанымен белгілі бір топ ғалымдар алғашқы үш ғасырдан тәпсір төңірегінде келген риуаяттарды жинаған. Олар: Йәзид бин Һәрун әс-Суләмий (117 ө.ж.һ), Шуғбә бин әл-Хужжәж (160 ө.ж.һ), Уакиғ‘ бин әл-Жаррах (197 ө.ж.һ), Суфиян бин ‘Уиәинә (198 ө.ж.һ), Раух бин Ғибадәту әл-Басрий (205 ө.ж.һ), Абдурраззақ  бин Һәммәм (211 ө.ж.һ), Әдәм бин әби Ийәс (220 ө.ж.һ), ‘Абд бин Хамид (249 ө.ж.һ) тағыда басқа хадис жинаушылар, тәпсірді де жинақтаған.

3. Үшінші қадам (الخطوة الثالثة). Бұл қадамда тәпсір хадистен жеке дара бөлініп, Құрандағы әрбір аят реттелген түрде тәпсір кітабына түсті. Бұл жұмыс мына бір топ ғұламалардың қолынан өтіп барып толық тәмәмдалған еді. Ол ғалымдар мыналар: Ибн Мәжә (273 қ.ж.һ), Ибн Жәрир әт-Табари (310 қ.ж.һ), Әбу Бәкір бин әл-Мунзир ән-Нисабури (318 қ.ж.һ), Ибн әби Хатим (327 қ.ж.һ), Әбу әш-Шейх бин Хиббән (369 қ.ж.һ), әл-Хаким (405 қ.ж.һ), Әбу Бәкір бин Мәрдуәйһ (410 қ.ж.һ) тағыда басқа осы іске үлес қосқан ғалымдар.

4. Төртінші қадам (الخطوة الرابعة). Риуаят тәпсір шекарасынан ары асып кете қойған жоқ. Сәнәдпен және сәнәдсіз жеткен риуаяттар тәпсірге түсіп, тәпсірде жалған хабар мен исраилиаттардың хабарлары орын ала бастады.

5. Бесінші қадам (الخطوة الخامسة). Бұл ең ауқымды қадам болып табылады. Аббаси ғасырынан бастап біздің күнімізге дейін жалғасып жатқан ұзын сонар тәдуин кезеңі.

Тәпсір еңбектері мен жазбалары алғашқы «Сәләф Салихиндар» өмір сүрген алғашқы үш ғасырда жүйелі түрде қалптасып толықтай хатқа түспеген болатын. Дегенмен толқтай болмасада кейбір сүрелердің тәпсірі қағаз бетіне түскен еді. Хадис сахифаларының болғаны тәрсізді, Құран сүрелерінің кейбірінің тәпсірі болған. Белгілі бір кезеңге дейін тәпсір хадистің көлеңкесінде қалып келгенін айтып өткен болатынбыз. Кутбу ситта жазылған ғасырда осы алты хадис кітаптарының ішінде тәпсір кітабы деген бөлімде орын алып отырған.

Ең алғашқы жазылған тәпсір төңірегінде ғалымдар арасында әртүрлі пікір бар. Мысалы док. Мұхаммед Хусейн әз-Зәһаби «әт-Тәфсир уәл-Муфассирин» атты еңбекте былай дейді: «Құран тәпсірін алғаш болып жүйелі тәртіппен жазылған еңбекті білу оңай емес».

Ибн Нәдимнің айтуы бойынша: Әл -Фарра (207 ө.ж.һ) Құран аяттарының баршасын бір тәртіппен мұсхафқа алғаш болып жинаған дейді. Әл-Фарра асхабтарына былай дейді: «Жиналыңдар Құранды сендерге кітап ретінде жатқа жаздырайын деп, бір күнді оларға арнайы тағайындайды. Сөйіп шақырған адамдар келіп, әл-Фарра алдыға шығады. Осы жиналыста болған бір кісі азан айтып, адамдармен намаз өткізеді. Оған әл-Фарра бұрылып былай дейді: « Сен Фатиха сүресін оқы, біз оны тәпсірлейміз.  Кітаптың барлығын толықтай осылай істейміз. Жаңағы кісі оқыйды, әл-Фарра тәпсірлейді»[4, 105-106 б.].

Бұл турасында Әбу-Аббас былай деп баға берген: «Одан (Әл-Фарра) дан алдын ешкім бұлай істемеді. Одан біреу озып кетті деп есептей алмаймын»,-деген.

Бірақ Ибн Нәдимнің келтірген бұл ибарасы қатығи емес. Яғни әл-Фарра әуелгі емес деген түйін шығады деген.

Осы тұста мына бір нәрсені ажыратып алған дұрыс. Құран тәпсірін жүйелі түрде алғаш жазған кім екенін және алғаш болып хатқа түсірген кім болғанын. Хатқа түсіумен реттілікті шатастырып алмауымыз керек.  

Бұл ой өте бір нәзік ізденісті талап етеді. Бізден алдын өткен Ибн Аббас р.а тәпсір тәлімін үйренген шәкірттеріне тәпсірді көп жаздыратын еді. Осы шәкірттері тәдуин жасады деуге де болады. Бірақ тәртіппен емес болуы мүмкін.

 Ибн Жәрир Әби Мәликадан жеткізген сәнәд бойынша былай деген: «Өзімен бірге Құранның тәпсірін жазатын тақтасы бар, Ибн Аббастан сұрау сұрап отырған Мүжәһидті көрдім. Сөйтіп Ибн Аббас оған «Жаз» деді. Тәпсір жайлы барлығын одан сұрап білді деді Ибн Жәрир сөзін аяқтап.

Алғашқы тәпсір жазбасы туралы бізге жеткен тағы бір дерек бар. Әл-Хатиб әл Бағдәди Мұса бин Уқба тізбегімен риуаят еткен хабарында былай келтірген: « Бізге Ибн Аббастың кітаптары артылып қиналған бір атан түйені әкелді. Сонда Әли бин Абдулла бин Аббас содан бір кітапты қалаған еді. Оған (Мұса бин Уқбаға) маған осындайда, осындай сахифаны жібер деп жазған. Бірден сол сахифаны көшіріп жазып оны жіберген екен» [4, 106 б.].

‘Ата бин Динар Сағид бин Жубәирден бір сахифа риуаят еткен. Бірақ бұл оның одан тәпсірді естіді дегеніне дәлел емес. Әбу Хатим былай дейді: «Ол тәпсірді Диуаннан алды. Ол кезде Абдулмәлик бин Мәруан (86 ө.ж.һ) болған. Ол Сәғид бин Жубәирден өзіне Құранның тәпсірін жазып беруді сұраған. Сөйтіп Сәғид бин Жубәир бұл тәпсірді жазған. Бұл жазбаны ‘Ата бин Динар Диуанда тауып оны алып, Сәғид бин Жубәирге жөнелткен».

Осы нұсқа бізге ашықтау. Сәғид бин Жәбир Құран тәпсірін бір кітапқа жинаған. Осы кітаптан ‘Ата бин Динар алған. Сағид бин Жубәир (94-95 ө.ж.һ) деп алғанда ол жазбасын Абдулмәлик Мәруән һижри 86 жылы өлместен алдын жазғандығында күмән жоқ[4, 106-107 б.].

Жоғарыда Құран тәпсірі кітап ретінде толыққанды жарық көрмегенімен хадис тәрізді сахифа ретінде жазылған еңбектер болған деп айтқан едік. Бұл сахифаларды тәпсір кітаптарының алғашқы бастамасы және тұңғыш жазылған еңбек ретінде қарастыруға болады. Тағы да бір айта кететін нәрсе Құран ілімдерінен алдын тәпсір пайда болған. Ғалымдар жазған еңбектерін тәпсір атауымен атаған және басқа да ғалымдар ол еңбектерге тәпсір кітабы деген атау бергендері туралы дерек бар.

Ендігі тұста осы алғашқы сахифаға және оның авторлары мен жетіу жолына тоқталып өтсек. Әлин бин Талханың Ибн Аббастың  р.а тәпсірін жеткізген сахифасы, арнайы бір жүз ретінде қалыптасқан Әбу Рауқтың жеткізген риуаяты, үш бөлім ретінде Мұхаммед бин Сәури ибн Журайдждан риуаят еткен бөлімдері. Бұл жүздер осы сахифаға тікелей қатысты [5, 42 б.]. 

Алғашқысы Әли бин Талханың ибн Аббастан жеткізген сахифасы. Бұл еңбек ибн Аббастың тәпсірі Әли бин әби Талханың сахифасы деп аталған. Автордың өмірі мен іліміне тоқтала кетсек, оның туған жылын тарихшылар нақты анықтай алмаған. Дегенмен зерттеулер нәтижесі мына деректерді алға тартады. Ислам тарихында ұзақ жыл билік құрған Әмәуия (41-132 һ) мен Аббасия (132-656 ) халифаттлықтары тұсында өмір сүрген. Әмәуия халифаларынан көбін көріп үлгірген және Аббасия халифаларынан Әбу Аббас Абдуллаһ (Абу Абдулла ас-Саффах ) пен Абу Жағфар әл-Мансур сынды екі халифты көріп өткен дейді[7, 11 б.].

Әли бин әби Талханың сахифасына көшетін болсақ, ол ғалымдар арасында тәпсірде мәшһүр болған сахифалардың бірі. Тіпті оны Имам Ахмад бин Ханбал (241 ө.ж.һ) ілім талабаларына насихат еткен. Бұл тәпсір ибн Аббастан жазып алынған алғашқы риуаяттардың бірі. Бұл сахифаның негізі өте күшті. Оған имам Бұхари, әт-Табари, ибн әби Хатим, ибн Мунзир сынды мәшһүр ғұламалар негіз ретінде сүйенген.

Мысырда бірнеше рет; «Тәнуирил миқбас мин тәфсирбни Аббас» (تنوير المقباس من تفسير ابن عباس) деген атаумен, Әбу-Таһир Мұхаммед бин Яғқуб әл-Фируз Әбәдийдің жинақтауымен басылып шыққан. Бақара сүресінен басталып тәпсірленген[7, 54 б.].

Тәпсір бөлімі немесе бөлімдер болып ықшамдалып келген әбу-Рауқтың тәдуині. Толық есімі Әбу-Рауқ А‘тия ибн Харис әл-Һәмдәни. Үлкен табиғиндардың бірі. Ибн Жәрир жүзден көп риуаят шығарса, ибн әби Хатим өзінің басып шығарған тәпсірінде үш жүзден артық риуаятты келтірген.

Үшінші тәпсір сахифасының авторы Мұхаммед бин Сәур әс-Сунғаний (190 ө.ж.һ). Ибн Жураидж және Ма‘мар бин Рашид, Яхиа бин әл-‘Алләу әр-Рази және Ауф әл-А‘ғраби сынды ғұламалардан риуаят алған. Мұхаммед бин Сәур Ибн Журейджтен ол Ибн Аббастан жеткізген үлкен үш бөлімдік тәпсір риуаяты бар. Осы үш бөлімнен Әл-Хужжаж бин Мұхаммед бір жүзін риуаят еткен. Бұл бөлімнің дұрыстығына ешқандай талас жоқ.

Тәпсір хадистен жеке дара бөлініп, Құрандағы әрбір аят реттелген түрде тәпсір кітабына түсті. Бұл жұмыс мына бір топ ғұламалардың қолынан өтіп барып толық тәмәмдалған еді. Ол ғалымдар мыналар: Ибн Мәжә (273 қ.ж.һ), Ибн Жәрир әт-Табари (310 қ.ж.һ), Әбу Бәкір бин әл-Мунзир ән-Нисабури (318 қ.ж.һ), Ибн әби Хатим (327 қ.ж.һ), Әбу әш-Шейх бин Хиббән (369 қ.ж.һ), әл-Хаким (405 қ.ж.һ), Әбу Бәкір бин Мәрдуәйһ (410 қ.ж.һ) тағыда басқа осы іске үлес қосқан ғалымдар.

Қорытынды

Тәпсір еңбектері жазылған уақтысында сол қоғамдағы кездесетін мәселелерге әсерін тигізді деп айта аламыз. Жаңадан тарих саханасына шығып жатқан саяси, ақидалық, фиқһтық мәзһабтарға қарсы жауабтар осы тәпсір еңбектерінде қамтылып жатты. Илам тарихын қарайтын болсақ көптеген ағымдар мен жамағаттар Құран мәтіндерін дұрыс түсінбегендіктен пайда болып отырған. Жәбрия, Қадария, Мушәббиһә сынды ертеректе пайда болған топтар аяттардың беткі мағынасын ала отыра ислам әлемінде жаңаша бір түсінік қалыптастырып, белгілі бір мөлшерде мұсылман жамағатын соған сендірген.

Тәпсір еңбегі арқылы ақиқатқа шақырып, Құран аяттарының мағынасын ашып беру. Сүйіншілеген жерінде қуандырып, үрейлендірген жерінде Алланың уағдасын еске салып адамды ғафлеттіліктен ояту.

- Құран тәпсір арқылы қоғамда тыныштықты сақтау. Бөлініп, ірткі салудан мұсылман жамағатын сақтап, ауызбіршілікте ұстау.

- Құран тәпсір еңбектері арқылы аяттарда меңзелген, астарлы мағыналарды тауып, оны қазіргі заманға қатысты болса ғылыми түрде дәлелдеу арқылы, ғылымның дамуына үлес қосу.

Пайғамбарымыз (Алланың сәлемі мен салауаты болсын) ғасырынан бастап қазіргі кезеңге дейін өте көп ғалымдар өткен. Ол мүмкін миллион немесе миллиард шығар.

Бір қызығы осындай көптеген ғалымдардың арасынан Құранды сөзбе-сөз түсінеміз деген 5 ғана ғалым болған. Соның нәтижесінде мұсылмандар тәшбиһке барып ұрынған. Ол бес ғалым мыналар: Әбу Дәуд Заһири (200-270 һ) және оның ұлы Әбу Бәкір Мұхаммед бин Дәуд әз-Заһири (255-297 һ), Ибн Таимия (661-728 һ) оның шәкірті Ибн Қайюм (691-751 һ), Имам Мұхаммед әл-әмин әш-Шанқити (1905-1974 м).

Бұл пікірдің мысалы дария тұрып жанынан құдық қазғанға ұқсайды. Ислам шариғаты қашанда көпшілікті жамағатты қолдайды. Бұл қазақ қоғамынада өте маңызды әрі қатысты болып табылады. Жоғарыдағы аталған бес адам ғалым ретінде танылған. Ал, ғалым деп танылмаған Құранды сөзбе-сөз түсінетін қарапайым жамағат қатары біршама деп айта аламыз. 

 

Әдебиеттер тізімі

 

  1. Сабир әл-Мәшрфий,Су‘д әл-Хули, Әбу-Уәис Махмуд. . Әт -Тәкәллум ( التكلم فوق المتوسط) – Мысыр/Кайр: Дару ән-Нил, 2015. – 157 б.
  2. Хазим Сағид Хайдар. Улумул Құран бәйнәл бүрһән уәл итқан. – Мәдина:Дару әз-Зәмән, 1427. – 820  б.
  3. Мұхаммед Хусейн әз-Зәһаби. Ғилму ат -Тәфсир. – Кайр: Дарул-мағариф,1119. – 89 б.
  4. Мұхаммед Хусейн әз-Зәһаби. Ат-тәфсир уәл-муфассирин 1-том. – Кайр,1976. – 348 б.       
  5. Мұхаммед Хусейн әз-Зәһаби. Улуму әт-тәфсир. – Кайр: Дару әл-ма‘ариф,1119. – 79 б.
  6. . Рашид Абдулмунғим әр-Ражал. Тәфсру ибн Аббас Сахифату Әли бин Талха 1-басылым. -Бейрут, 1411һ-1991м. -560 б.
  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс