Жаман атқа жал бітсе - жанына торсық байлатпас,
қас жаманға мал бітсе - жанына қоңсы қондырмас
***
Жақсының жақсылығын айт - нұры тассын,
жаманның жамандығын айт - құты қашсын.
***
Ақ сауыттың - жағасы бар, жеңі жоқ,
шын жақсының - ашуы бар, кегі жоқ.
***
Жақсының жаны — жәннат
***
Келіні жақсы үйдің керегесі алтын.
***
Аяғы жаман - төр былғайды, аузы жаман - ел былғайды.
***
Өзі жақсы кісіге - бір кісілік орын бар.
***
Жақсыдан жаман туар - бір аяқ асқа алғысыз,
жаманнан жақсы туар - адам айтса нанғысыз.
***
Жақсы ердің ішінде - алтын ерлі ат жатады,
жақсы әйелдің ішінде - алтын бесікті ұл жатады.
***
Жаманда - тек жоқ,
жақсыда - кек жоқ.
***
Жаманның - жаны қадірлі,
жақсының - ары қадірлі.
***
Арық деген жаман тай - жазға шыға ат болар,
жамаңдығын сезілсе - жақын кісі жат болар.
***
Қошқар болар қозының - мандай жағы дән келер,
жақсы болар жігіттің - етең-жеңі кең келер.
***
Жаман сыйлағанды білмейді.
***
Жаман малды асырасаң - аузы-мұрныңды май етер,
жаман адамды асырасан - аузы-мұрныңды қан етер.
***
Жамандық аяқ астында.
***
Жақсыменен сөйлессең-құмарыңды қандырар,
Жаманменен сөйлессең - көңілінді қалдырар.
***
Жақсыға - жаман кесір,
Ішінен жақсысы кеткен ел - жесір.
Өзіңе жамаңдық қылған пендені,
Кісілік қыл да сен кешір.
***
Жақсы кісі: ақылымен тәуір болады,
мінезі - қорғасыңдай ауыр болады,
құлағы - өсек естіместей сауыр болады,
кедейдің жалғыз керіндей - құйрығы шолақ,
арқасы жауыр болады.
***
Жаманның басына іс түссе - ойлай көреді,
Жақсының басына іс түссе - тойлай береді.
***
Нақ жақсының белгісі - әрі мырза, әрі құл,
Нақ жаманның белгісі - өз үйінде өзі пұл.
***
Атың шабан болса - жалғанның азабы,
Алғаның жаман болса - дүниенің тозағы,
Балаң жаман болса - көрінгеннің мазағы.
***
Жаманға - жақыным деп қайырылмағайсың,
Алаштың жақсысынан - айырылмағайсың.
***
Қарауылдың жаманы - алдырған соң өкінер,
Балуанның жаманы - шалдырған соң өкінер.
***
Жақсы болса туғаның - күнде қызық-базарың,
Жаман болса туғаның - күнде өлім-ажалың.
***
Ақ сұңқар көлден қу ілер -
Қанатын суға тигізбес.
Хас жақсының белгісі -
Қайғысын жатқа білгізбес.
Жамбыл Артықбаев ағаның фб-дағы парақшасынан