Павлодар облысы, Баянауыл ауылындағы «Мұса мырза» мешітінде «Дін мен дәстүр» бұрышы ашылды.
Тағылымы мол шараға облыстың бас имамы Жұманазар Өсерханұлы, ауыл тұрғындары мен мешіт жамағаты қатысты.
«Дін мен дәстүр» бұрышының негізгі мақсаты – халқымыздың ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлері мен ұлттық құндылықтарын насихаттау, ұмыт бола бастаған жөн-жоралғыларды жаңғырту және дін мен дәстүрдің сабақтастығын көрсету.
Өйткені дін мен дәстүр – бірін-бірі толықтыратын, ұлттың рухани болмысы мен тәрбиесінің ажырамас бөлігі.
Ұлттық құндылықтарымыз ұлықталып, дәстүріміз дәріптеле берсін!





