ҚМДБ-ның маңызды бағыттарының бірі болған «Діни оңалты жұмысы» бойынша Павлодар қаласы, «Мәшһүр Жүсіп» орталық мешітінде жиналыс өтті. Жиналысқа қалалық және қала маңындағы ауыл имамдары түгелдей қатысты. Сонымен қатар тиісті мемлекеттік мекемелердің жауапты қызметкерлері де болды.
Жиналыста діни оңалту жұмысының әдіс-тәсілдері жан-жақты талқыланып, Павлодар қаласы бойынша Түзету мекемелеріне жауапты дін қызметкерлері бекітілді.