ҚМДБ, Павлодар қаласы, «Шайқы ата» мешітінің «Әйел – қыздар секторы»-ның ұйымдастыруымен «Жақсы келін – ырысым» атты келіндер сайысы өтті. Сайысқа Мәшһүр Жүсіп, Ақмешіт, Умар әл-Фаруқ, Екібастұз, Майқайың, Ғабдул Уахит, Шайқы ата, Әбу Бәкір Сыддық мешіттерінен қатысушылар келді.
Шараны Жадыра ұстаз Құран оқумен ашты. Ал «Шайқы ата» мешітінің имамы Маралбек Жанбырбайұлы Дін мен дәстүрдін маңыздылығын айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі. Келіндер сайытың бірінші кезеңінде өлең шумақтарымен өз-өзін таныстырып, сонымен қатар үстеріне киген ұлттық қазақ киімдерін ұсынды. Екіші кезеңінде билет алып Ерулік, Жылу, Бәсіре деген сияқты Қазақ салт-дәстүрін ашып айтты. Үшінші кезенде келіндер викторина өткізуге арналған Kahoot программасы арқылы арнайы дайындалған Діни сұрақтарға жауап берді. Төртінші кезеңде келіндер шеберліктерін көрсетіп жаймаларын жайды. Бесінші кезеңде келіндер дайындап акелген үй жұмыстары арқалы әділ қазыларға қол өнерлерін көрсетті.
Келіндердің еңбектерін бағалап, әділ шешім қабылдаған қазылар қатарында Қапиза Сағадатқызы, Мархабат Сарсенбайқызы және Павлодар облысы әйел – қыздар сектор жетекшісі Тургынбай Ахерке болды. Олаарға шешім қабылдау оңай болмады. Сайысқа қатысушы келіндер өте жақсы дайындықтарын көрсете білді. Нәтижесінде бірінші орынға «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің қатысушысы Оразғалиқызы Гулум қол жеткізді, екіші орынға «Умар әл-Фаруқ» мешіті атынан келген Ақылбекқызы Әлия ие болды, Ал «Ақмешіт» мешітінің шәкірті Кайыр Бота үшінші орын алды.
Барлық жүлделі орындарға қаржылай сертификат табысталды. Орын иеленбеген шәкірттерге Алғыс хат пен жұбаныш сыйлықтары берілді. Жүлделі орынға қол жеткізе алмаса да, бірақ өзінің шеберлігін ерекше көрсете білген Жұрсынқызы Ария «Алтын кол» номинациясымен марапатталды. Шараға келген қонақтарға естелік сыйлықтар таратылды.
Соңында қатысушылар мен көрермендер дастархан басына жайғасып, жоғары денгейде ұйымдастырылған шараға алғыстарын білдіріп, осындай шаралардың қазіргі қоғамға керек екенін айтты. Ақ тілектерін білдіріп, тарасты.






