БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНДА ТОЙ ӨТКІЗУ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНДА ТОЙ ӨТКІЗУ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

50
1 мин
БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНДА ТОЙ ӨТКІЗУ МӘДЕНИЕТІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Баянауыл ауданының орталығындағы «Мұса-мырза» мешітінің дін қызметкерлерінің ұйымдастыруымен аудан ақсақалдары, Ардагерлер кеңесінің өкілдері, той жүргізуші асабалар және ауданның бас имамы қатысқан кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – той өткізу мәдениетін қалыптастыру, той-томалақтардағы әдепсіз әрекеттер мен құдайы астардағы ысырапшылдықтың алдын алу. Жиын барысында Бас мүфтидің осы мәселелерге қатысты үндеуі аудан жұртшылығына жеткізіліп, қатысушылар тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Қорытындылай келе, мешіт қызметкерлері, аудан ақсақалдары мен ардагерлері бірлесе отырып, халық арасында имандылықты насихаттау, той өткізу мәдениетін қалыптастыру және ысырапшылдықтың алдын алу бағытындағы уағыз-насихат жұмыстарын алдағы уақытта да жалғастыру жөнінде ортақ мәмілеге келді.

0.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс