Павлодар облысының бас имамы Жұманазар Өсерханұлы Тереңкөл ауданына арнайы іс-сапармен барып, бірінші кезекте ауылдық мешіт имамдарымен жолықты. Тереңкөл ауданының имамы Надырбаев Қобыланды облыс өкіл имамына ауыл имамдары, олардың биылғы жылы атқарған іс-қызметтерінің есебін таныстырды.
Келесі кезекте өкіл имам аудан орталығының тұрғындарымен және аудан бойынша белсенді азаматтармен жолығып, халық тұрмысына ас беру мәдениетін қалыптастыру, ысырапты болдырмау туралы сұхбаттасып, ой-пікірлерін тыңдап, ақыл-кеңестер берді.





