ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫНЫҢ» КОМАНДАСЫ СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТАДАН І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫНЫҢ» КОМАНДАСЫ СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТАДАН І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

1
1 мин
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША «ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫНЫҢ» КОМАНДАСЫ СПОРТТЫҚ ЭСТАФЕТАДАН І ОРЫН ИЕЛЕНДІ

Павлодар қаласында діни конфессиялар өкілдері арасында спорттық эстафеталық жарыс ұйымдастырылды.

Аталған шараны Павлодар қалалық ішкі саясат бөлімі ұйымдастырып, оның негізгі мақсаты – діни конфессиялар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, достық қарым-қатынасты дамыту және салауатты өмір салтын насихаттау.

Жарысқа Павлодар облысы бойынша жастар ісі секторының жастар командасы атынан «Әбу Бәкір Сыддық» медресе-колледжінің студенттері қатысып, спорттық сайыстарда жоғары белсенділік пен ұйымшылдық танытты.

Нәтижесінде медресе-колледж студенттерінен құралған команда барлық кезеңде жақсы нәтиже көрсетіп, жүлделі І орынға ие болды!

Бұл жетістік – жастардың бірлігі мен ауызбіршілігінің, ұйымшылдығы мен спортқа деген қызығушылығының айқын көрінісі.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

8.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс