21 қараша күні Павлодар қаласындағы «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жастармен рухани-танымдық кездесу өтті.
Шараның мақсаты – жастардың отбасылық өмірге деген жауапкершілігін арттырып, ұлттық және діни құндылықтарды дәріптеу.
Кездесу барысында мешіттің имамдары мен ұстаздары жастарға отбасы құндылықтары, некенің қасиеті, ерлі-зайыптылардың жауапкершілігі мен өзара сыйластығы жөнінде тағылымды насихаттар айтты.
Берік қоғамның негізін құрайтын берекелі шаңырақ болу еліміздегі әрбір отбасына бұйырсын!





