ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ КЕСЕНЕНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ КЕСЕНЕНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

54
1 мин
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ КЕСЕНЕНІҢ АШЫЛУЫНА ҚАТЫСТЫ

Павлодар облысының бас имамы Жұманазар Өсерханұлы Аққулы ауданында XVIII ғасыр шамасында өмір сүрген Сары бәйбіше ананың кесенесінің ашылу рәсіміне қатысты.

Сары бәйбіше — Уақ руының Жансары тармағынан шыққан, ел басқарған беделді ана.

Сары бәйбішенің жауынпазы бүгінгі күнге дейін ұрпақтарының қолында сақталып, рухани мұра ретінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді.

Кесененің ашылуы — халқымыздың тарихи жадын жаңғыртып, ұлт мұрасын ұлықтауға бағытталған маңызды қадам. Бұл игі бастама кейінгі ұрпақтың өткенге құрметін арттырып, ел тарихындағы өнегелі тұлғалардың есімін дәріптеуге жол ашады.

Ұрпаққа — аманат, елге — қасиетті мұра!

1.jpeg

5.jpeg

4.jpeg

3.jpeg

689c2027-a585-4e57-8c58-6c611d078a1a.jpeg

6.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс