Павлодар, орталық «Мәшһүр «Жүсіп мешіті және қалалық «Ақмешіт» мешітінің «Әйел-қыздар секторы»-ның ұйымдастыруымен 2023-2024 оқу жылының аяқталуына байланысты шәкірттерден емтихан алынған болатын.
Жыл бойы жақсы нәтиже көрсеткен шәкірттерді марапаттау рухани кеші өткізілді. ҚМДБ ның Павлодар облысының бас имамы Жолдас қажы Қоспақұлы жамағатты оқу жылының аяқталуымен құттықтап, ризалығын білдіріп, уағыз айтты.
Әйел-қыздар секторының жетекшісі Ақерке Тұрғынбай «Білім алудың артықшылығы» жөнінде насихат айтып, ұстаздар «Мақтау хат»-тарын шәкірттерге табыстады.
Жиналған жамағат дастархан үстінде ізгі тілектерін айтып ақ баталарын берді.