БІЛІМ МЕН БІЛУДІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

БІЛІМ МЕН БІЛУДІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

1870
2 мин
БІЛІМ МЕН БІЛУДІҢ АЙЫРМАШЫЛЫҒЫ НЕДЕ?

"Сөздікке қарасаңыз, ешқандай айырмашылық жоқ. Дегенмен шынайы өмірде керемет айырмашылық бар. Білім - бұл теория. Білу - бұл тәжірибе. Білім - ақпарат, әрқашан қол жетімді. Көздерсіз жарық туралы көп нәрсе естуге болады. Бірақ соқыр болсаң, анық көру, білу мүмкін емес. Білу тек көзің сау болса, көре алсаң ғана мүмкін. Білу - бұл сіздің рухани тәжірибеңіз. Ал, білім - жинақ. Білімді білу үшін бізге сезімталдық жетіспейтіндей!

Назар салсақ, біз өзіміз таңдаған дауыстарды ғана естиміз. Таңдамаған барлық дыбыстарды естімейміз. Біз таңдаймыз. Біз пайдалы дыбыстарды естиміз. Ал әртүрлі қоғамда, әр елде әртүрлі заттар құнды. Қарапайым әлемде, мысалы, орманда өмір сүретін адам дыбысты басқаша қабылдайды. Себебі орманда жүретін адам үнемі сергек болуы керек. Өйткені сіздің өміріңізге қауіп төніп тұр. Егер сіз қауіпітілк жоқ мәдениетті әлемде өмір сүрсеңіз, сақ болудың да қажеті жоқ. Ешқандай қауіп жоқ болғандықтан, аман қалу туралы ойға алаңдаудың да қажеті жоқ. Қауіп болмағасын құлағыңыз онша жақсы жұмыс істемейді, өйткені сіз қажеттілікті сезбейсіз. Қоян не киік өте сезімтал, байқағыш. Олар шамалы дыбыста, тіпті желмен қозғалған жапырақтың сыбдыры да киік пен қоянның назарын аударады.

Ежелгі дәуірде адамдар табиғатпен үйлесімді өмір сүрді. Олар бақытсыздық дертін татпады. Ал, ол бүгін бар. Неге? Себебі өмірдің айналасында музыка бар. Нәзік музыка өмірді қоршайды. Бірақ біз бұны сезінбейміз. Өмірде керемет ырғақ бар. Бірақ оны сезіну үшін бізге сезімталдық жетіспейді. Хакім Абайша: "ынталы жүрек сезген сөз, бар тамырды қуалар".

Жарас АХАН

"Уақыттың қысымы" еңбегінен үзінді..

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс