ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ ДАНАЛЫҒЫНАН...

ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ ДАНАЛЫҒЫНАН...

1456
1 мин
ЖҮСІП БАЛАСАҒҰНИ ДАНАЛЫҒЫНАН...

Айтолдының ұлы Өгдүлмішке өсиеті:

- Балам, көңілің мен тіліңді таза ұста.

Тәңірге сыйын! Ғапыл болмай, ақыретің үшін де қамдан.

Әркетіңді дұрыста. Мал-дүние үшін қайғырма. Амалың ізгі болса, мал-дүние өзі келеді.

Халық бұлғақ, төңкеріс бастаса, жырақ тұр, жырақ.

Наданның бұлғағына ерме, одан қаш.

Әй қозым, бектердің жаман ниетпен айтатын сөзін аузыңа алма. Кісінің қиянатын қолдама, өзің де қиянат қылма.

Әрқашан ізгілік қыл, нәпсіңді басып, арыңды таза ұста. Қандай іске кіріссең де, әуелі ақырын ойла. Соңы белгісіз іс адамды қор етеді.

Егер өкпелесең, өзіңді ұста, сабырлы бол. Сабырлы кісінің ертеңі сүйініш. Уайым-қайғыға батып, бейнетке түскен жан сабыр етсе, соңында қайта қуанышқа кенеледі. Егер бақ-дәулетің қайтып, бүкіл есіктер жабылса, сабыр етсең, бәрі реттеледі. Сабырлы бол, сабыр - нағыз ердің ісі. Сабыр еткен көкке жол табыды.

Өзекті жанға бір өлім. Ойлан. Өзіңнің кім екеніңді ұмытпа. Жиында - сөзіңе, кісінің үйінде көзіңе сақ бол...

“ҚҰТАДҒУ БІЛІК “

Жүсіп Баласағұни

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс