Бір жұрттың бас әкімі екінші бір айға жолығысып, сөйлесіп тұрғанда, қасынан бір жарлы мұжық өтіп бара жатып, иіліп, бас ұрып сәлем берді дейді.
Оған қарсы әлгі үлкен әкім төре онан да төменірек бас ұрып, алды.
Қасындағы бай:
- Тақсыр, осынша жұрттың үстінен қараған әкімсіз, осы бір мұжыққа неге сонша бас ұрасыз? - деп айтты дейді.
Сонда әкім:
- Ешбір ілім-білім үйренбеген мұжық сонша иіліп, әдептілігін көрсеткенде, мен онан әдепсіз болып қалайын ба? - деді дейді.
Ыбырай Алтынсарин "Таңдамалы шығармалары" Алматы, 1994 жыл