Павлодар облысының әкімі имамдарға ақжолтай тілегін білдірді
Павлодар облысының әкімі Асайын Қуандықұлы өңірдің діни саласында қызмет атқарып, елдің рухани өміріне үлес қосқан экс-өкіл имам Жолдас қажы Қоспақұлына атқарған еңбегі үшін ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында облыс әкімі Жолдас қажы Қоспақұлының қызметіне жоғары бағасын білдіріп, арнайы төсбелгі табыстады. Сондай-ақ қажыға алдағы қызметіне табыс, береке және толағай жетістіктер тіледі.
Бұдан бөлек, жаңадан Павлодар облысының бас имамы қызметіне тағайындалған Жұманазар Өсерханұлына жаңа қызметінде сәттілік тілеп, жауапты жұмысына ақжолтай батасын берді.
Өңірдің рухани өміріндегі маңызды бағыттарды дамыту, діни тұрақтылық пен қоғамдағы өзара түсіністікті нығайту жолындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.