ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкіл имамы, облыстық орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің бас имамы Жұманазар қари Садырханов бүгін «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің жиналыс залында Павлодар облысы өкілдігіне қарасты қала, аудан имамдарымен алғашқы жиын өткізді.
ЖиынҒа бұрыңғы бас имам Жолдас қажы Қоспақұлы да қатысып Павлодар облысының қала, аудан имамдарын облыстың жаңа бас имамына таныстырды.
Облыс бас имамы Жұманазар Өсерханұлы өз сөзінде, облыс имамдарымен жақыннан танысып жатқанына қуанышты екенін айта келе, алдағы уақытта өңір халқына асыл дініміздің құндылықтарын кеңінен насихаттап, жамағатты ізгілік, имандылыққа тәрбиелеу ісінде үлкен жетістіктерге жететініне сенімді екенін, ҚМДБ-нан міндеттелген іс-қызметтерді бірлесіп береке-бірлікте жүзеге асыратынын айтты.










