Айт намазының әр екі ракағатындағы үш-үштен артық келетін тәкбірлер «зәуаид тәкбірлері» деп аталады. Уәжіп болған бұл тәкбірлер бірінші ракағатта қырағаттан бұрын, екінші ракағатта қырағаттан соң алынады. Айт намазы былай оқылады:
«Aлла ризашылығы үшін айт намазын оқуға ниет еттім, ұйыдымимамға» - деп ниет етіледі. «Aллаһу Әкбар» - деп тәкбір алған соң, қол байланады.
«Сүбһанәкәдан» кейін имам дауыстап, жамағат ішінен «Aллаһу Әкбар» айтып, қолды құлақ тұсына апарып төмен түсіреді; қайтадан қолды көтеріп екінші тәкбір алып, төмен түсіреді; үшінші тәкбір алынған соң қол байланады. Имам дауыстап Фатиха және бір сүре немесе кемі үш аят оқиды. Руку мен сәждеден кейін екінші рәкағатқа тұрады.
Екінші ракағатта имам әуелі Фатиха, сосын бір сүре немесе ең кемі үш аят оқиды. Сосын бірінші рәкағаттың басында алынған тәкбірлер бұл жолы қырағаттың соңында үш рет алынады және қолды тек төмен түсіреді, төртінші тәкбірмен рукуғқа барып, намаз аяқталады.
Жұма намазында намаздан бұрын құтба оқылғаны секілді айт намаздарында намаздан кейін құтба оқылады. Құтба тәкбірмен басталады, жамағат осы тәкбірге ақырын қосылады.
(«Дұға және Ғибадаттар» кітабынан)