
Ақсу ауданына қарасты ауыл имамдары Мәмайт Омар аулы мешітінде кезекті жиынын өткізді. Аудан имамдарының бұл жолғы басқосу шарасын Құркөл, Еңбек аулы имамдары бірлесіп ұйымдастырды.
Жиында алдағы Рамазан айының дайындығы жан-жақты талқыланып пысықталды. Ақсу ауданының бас имамы Омаров Әбдімүтәли әрбір ауыл имамына арнайы тапсырмалар жүктеді. Жиыннан кейін имамдар арасында волейбол және теннистен өзара сайыс ұйымдастырылып қызықты да көңілді болып өткізілді.
Мұндай басқосу жиыны әрбір екі ай сайын тұрақты ұйымдастырылып келеді-дейді Ақсу қалалық мешітінің наиб имамы Жомарт Семсерхан.
Пікір қосу