Бүгін, қасиетті жұма күні «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде халқымыздың руханиятына өлшеусіз үлес қосқан марқұм болған дін қызметкерлерін еске алуға арналған Құран хатым шарасы өтті.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти, хазірет Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасына орай бүгін Павлодар облысы орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде жұма намазынан кейін Отаным, Дінім, Халқым деп шейт болған шейіттердің рухына, кеңес одағы және Тәуелсіздік жылдары мешітте қызмет еткен, соның ішінде өткен 35 жыл ішінде облыс бойынша және республика бойынша мешіттерде қызмет етіп жүріп дүниеден өткен дін қызметкерлерінің рухына аты аталған және аталмаған дін қызметкерлерінің рухына бағыштап Құран Хатім жасалды.
Олардың кейбір отбастарына қаржылай және азық-түлікпене көмек жасалды


