ИСЛАМ ТРАЙБАЛИЗМГЕ ҚАТЫСТЫ НЕ ДЕЙДІ?

ИСЛАМ ТРАЙБАЛИЗМГЕ ҚАТЫСТЫ НЕ ДЕЙДІ?

34
2 мин
ИСЛАМ ТРАЙБАЛИЗМГЕ ҚАТЫСТЫ НЕ ДЕЙДІ?

Трайбализм – қоғам өмірінде, қызметте және жалпы әлеуметік саланың барлық жерінде адамның алдынан жиі шығып отыратын мәселенің бірі. Ислам әділдік пен шыншылдық діні болғандықтан да рулық, тайпалық немесе жүз бен аталарға бөлініп топтасуды қолдамайды. Мысалы, қызмет бабында, отан алдындағы борыш немесе міндет, қызметтік этикада болсын трайбализмге қарсы.

Себебі трайбализм болған жерде әділдік ережелері сақталмай, белгілі адамдарға зұлымдық жасалуы ықтимал. Адам қызметке танысын, туысын немесе бауырын аламын деп, сол жұмысқа анағұрлым лайық, кәсіби маманды шеттетуі мүмкін. Бұлай жасау өз кезегінде жалғыз адамға емес, бүтін салаға тіпті, қоғамға кері ықпал етеді.

Трайбализм дерті жайлаған сайын, мемлекеттің экономикасына да залалын тигізбей қоймайды. Өйткені қызметке маман іздеген уақытта оның кәсіби біліктігіне емес, ағайындық немесе туыстық, жерлестік критерийлері маңызды роль ойнайды.

Ислам трайбализмдік бауырластыққа емес, жалпы азаматтық достыққа, бауырластыққа үндейді. Бауырмалдық сезімі адамдардың бір-бірін жақсы көру арқылы жүзеге асып, күшейеді.

Бұл жайында пайғамбар: «Иман келтірмейінше жәннатқа кіре алмайсыңдар, ал бір-біріңді жақсы көрмейінше иман еткен болып есептелмейсіңдер» деген (Риязус әс-Солихин).

Исламның бұл ерекшелігін көп жағдайда естен шығарып алып жатсақ керек. Исламдағы достық пен бауырмалдықты тек ағайындық жақындық шеңберімен шатарстырып алып жатамыз. Құранның әмірі, пайғамбардың өсиеті де – жалпы адамдар арасындағы достық пен бауырмалдық. Мұсылманның міндеті – осыған сай әрекет ету.

Жалғас САДУАХАСҰЛЫ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс