ІЛІМ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДЕБІ

ІЛІМ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДЕБІ

236
3 мин
ІЛІМ ҮЙРЕНУДІҢ ӘДЕБІ

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: مَنْ تَعَلَّمَ عِلْمًا مِمَّا يُبْتَغَى بِهِ وَجْهُ اللهِ عَزَّ وَجَلَّ لَا يَتَعَلَّمُهُ اِلَّا لِيُصِيبَ بِهِ عَرَضًا مِنَ الدُّنْيَا لَمْ يَجِدْ عَرْفَ الْجَنَّةِ يَوْمَ الْقِيَامَةِ. (د)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: “Жалғыз Алланың ризашылығы үшін үйрену керек ілімді тек дүниелік пайда үшін меңгерген адам қиямет күні жәннаттың иісін де сезе алмайды”. (Сүнән Әбу Дәуід)

Ілім үйренгісі келген адамның ілімді меңгеріп, одан пайда көруі ілімге, ғұламаларға, ұстазы мен кітаптарға құрмет көрсеткенде ғана мүмкін. Расында ілімде жоғары дәрежеге жеткендер құрмет сақтаудың арқасында ғана соған қол жеткізген. Ілімде беделі түскендердің дәрежесі де құрметті ұмытуы себепті орын алған дейді.

Кітапқа құрмет дегеніміз, ілімге құрмет. Сол себепті шәкірт ілім үйренген кітабын қашан да таза күйде ұстауға тиіс. Шәмс ул-әиммә Сарахси бір күні түнемелік дәріске дайындық үстінде әлдебір себеппен таң атқанша он жеті рет дәрет алуға мәжбүр болған. Өйткені дәретсіз ешқашан дәріске қарамайтын. Ілім – нұр, дәрет алу да – нұр. Сол үшін дәрет ілімнің нұрын арттырады.

Мән беретін нәрсенің бірі – кітаптарға қарай аяқ созбай, кітаптардың қасында жинақы-ұқыпты отыру.

Тағы бір жай үйренгендерін әрдайым жазып отыру. Бірақ әдемі, түсінікті етіп жазу керек, тым жиі, қалай болса солай жазбаған дұрыс. Имам Ағзам Әбу Ханифа (рaх.) бір шәкірттің тым жиі, шатыстырып жазатынын байқап, “Бүйтіп қалай болса солай жазба! Егер ұзақ жасасаң, өкінесің, өліп кетсең артыңнан жаман сөз ереді” деген. Яғни жас келіп жанарың мұқалғанда оқи алмай өкінесің, ал оқи алмағандар артыңнан сөз қылады дегені.

Ілім үйретушілерден бөлек, бірге дәріс оқып жүрген достарына да құрмет танытуға тиіс.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс