Омар бин Абдулазиздің (р. аләйһ) халифалығы тұсында Язид ар-Раккаший-ден өзіне насихат етуін өтінді. Язид (р. аләйһ): «Сұлтаным, ақыретке сапар шеккен жалғыз халифалардың алғашқысы сен емессің!» -, деді. Омар бин Абдулазиз (р. аләйһ) біршама уақыт көзіне жас алғаннан кейін тағы да насихат айтуын сұрайды. Ол болса «Адам атадан бастап саған дейінгі ата-бабаңның барлығы да бақилық болды.» деген еді, халифа тағы жылай бастады. Біраз уақыттан кейін тағы насихат сұрағанда ол: «Өлгеннен кейін барар жерің не жәннәт, не тозақ. Басқа таңдарың жоқ» деген еді, қорққанынан есінен танды.
ШҮКІР ҮШ ТҮРЛІ
Aлла Tағала тарту еткен нығметтерге шүкіршілік үш түрлі:
Тілдің шүкірі, нығмет бергенге мадақ, марапат және шүкіршілік білдіру.
Ағзалардың шүкірі, нығмет беруші Aлла Tағалаға бойұсыну.
Жүректің шүкірі, нығметті берушінің кім екенін білу. Міне, осы үшіншісі шүкіршілікте басқаларының негізі, oнсыз басқаларының құны болмайды.
Кемел адам шүкіршіліктің бар түрін бойына жияды. Әулие бір кісі айтқан: Aлла Tағала саған тіл нығметін берді, оны тек Алланы зікір етуге жұмса. Көз берді, онымен бәріне ғибратпен қара. Құлақ берді, тек қана хақты тыңда. Жүрек берді, oны тек ілім өнері мен үздіксіз бойұсынуға жұмса. Өйткені жүрек илаһи назар түсетін жер.
БАЙСАЛДЫ БОЛУ ЖАЙЛЫ ПІКІРЛЕР
Байсалдылық – менмендік, тәкаппарлық көрсетпей кішіктікті сақтаудан тұрады.
Басалдылық – асығыстыққа қарама-қарсы ұқыппен әрекет ету деген сөз.
Кімде-кім байсалдылық ағашын тіксе, құрмет жемісін жинайды.
Иесіне байсалдылық, кемелдік бермейтін ілім қорлыққа ұрындырады.