ДІН ДЕГЕН НЕ?

ДІН ДЕГЕН НЕ?

90
3 мин
 ДІН ДЕГЕН НЕ?

قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: يَا ابْنَ عُمَرَ دِينَكَ دِينَكَ إِنَّمَا هُوَ لَحْمُكَ وَدَمُكَ فَانْظُرْ عَمَّنْ تَأْخُذُ خُذْ عَنِ الَّذِينَ اسْتَقَامُوا وَلَا تَأْخُذْ عَنِ الَّذِينَ مَالُوا. (كر)

Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай деген: “Уа, Ибн Омар! Дініңе (ұқыпты бол), дініңе! Өйткені ол сенің әрі етің, әрі қаның (мен тең). Дініңді кімнен үйренгеніңе ұқыпты бол. Дінді тура бағыттан айнымағандардан ал. (Жолдан тайқып жалғанға) бет бұрғандардан алма” (Ибн Асакир, Тарих Димашқ)

Дін – сөздікте әдет, ұстанған жол, бойсұну және жаза деген мағыналары берілген. Термин ретінде; “Aлла Tағаланың пайғамбарлары арқылы халыққа  тарту етіп, білдірген илаһи заңы; илаһи үкімдер жинағы”. 

Міне, халық осы илаһи дін арқасында Алла Тағаланы дұрыс таниды. Мойнына жүктелген міндетін біліп, атқарады. Соның арқасында екі әлемде сау-саламатқа қауыша алады.

Дінді Алла Тағаланың тікелей жібереді, ал пайғамбарлары хабарлайды. Барша пайғамбардың жеткізген дінінің негізі бір.  Бәрі шынайы дін, олардың арасында сенім тұрғысынан алалық, қайшылық жоқ. Барлық пайғамбардың үмметіне жеткізгені бір негіз. Ал ғибадат, амалға қатысты түрлі шариғат үкімдері бар, илаһи хикметке сай олардың арасында түрлі ерекшелік кездеседі. Мәселен бізге жүктелген кей міндет өткен үмметтердің кейбіріне берілмеген болуы мүмкін.

Шынайы дінге қарсы дін болса – жалған, бүлінген. Адамның өз бетінше дін шығаруға ешқандай құзіреті жоқ. Адамның жасаған не білдірген діні шынында дін емес. Бәлкім олар жалған немесе өзгеріп, бұзылған діндер қатарына жататын шығар. 

Негізі ұлы пайғамбарлар жеткізген шынайы діннің кейін өзгеріске ұшырап яки үкімдерін бұрмалау арқылы пайда болған діндер бүлінген/бұзылған дін саналады. Олардың Aлла алдында ешқандай қадір-құны жоқ. Оларға ергендер шын иманнан мақрұм қалады, мәңгілік илаһи азапқа ұшырайды. Пұтқа, жансыз заттарға, адамға илаһи сипат берушілер, ПайғамбарымызMұхаммед Мұстафаның (с.а.у.) пайғамбарлығын мойындамайтын бүкіл дін солардың қатарында. 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс