ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

771
1 мин
ШЕКАРА ҚЫЗМЕТІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Қалалық «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Қазбекұлы Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Павлодар облысы бойынша Шекара қызметі департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізіп, жат ағымдар мен экстремистік топтардың қоғамға тигізер зияны жайлы баяндама жасады.

Кездесу барысында бас имам деструктивті діни идеологиялардың белгілеріне тоқталып, жастарды радикалды бағыттардан сақтандыру жолдарын түсіндірді. Сонымен қатар, дәстүрлі ислам құндылықтарының маңыздылығы мен ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан рухани тұрақтылықты сақтаудың рөлі жайлы кеңінен сөз қозғады.

1.jpg

2.jpg

3.jpg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс