15 наурыз күні қасиетті рамазан айының құрметіне орай ҚМДБ Павлодар облысы, Ертіс ауданы Ағашорын ауыл мешітінің ұйымдастыруымен мешіт шәкірттер арасында аудандық "ҚҰРАН ЖАРЫСЫ " өтті.
Жарысқа Ағашорын ауылының шәкірттері, ұстазы Амантай Какимов, Ертіс ауылының шәкірттері, ұстазы Асхат Тұрсынов дайындаған барлығы 8 бала қатысты.
Жарысқа төрелік жасаған Рамазан айына хатым жасауға арнайы алдырылған қарилар: Абдуррахман Советбай мен Нұрқуат Ажинур.
1- номинация бойынша: 18 сүренің ішінен кез келген сүрені жатқа оқудан шәкірттер сыналды.
Бұл жолғы жарыста балалардың барынша мұқият дайындалғаны байқалды.
Жарыстың нәтижесінде жүлделі шыққан шәкірттер; Марғұлан Оразалинов пен Ерлан Балтагулов 3- орынды иеленді.
Хаким Арынғазы 2 орынды иеленсе, Омар Алшын бас жүлдені жеңіп алды. Жүлделі орындарға бағалы сыйластықтар табысталды.
Жарысқа демеушілік жасаған жергілікті жамағатымызға Алла Тағала разы болсын!





