18- қазан рухани келісім күніне орай Майқайың мешіті ауыл мәдениет үйімен бірге мұражайда «Рухани келісім - келешектің кепілі» атты іс шара өткізді.
Арнайы баннер қойылып, рухани үндестік туралы кинобаян көрсетілді. Шараға әр түрлі ұлттың белсенділері, ауылдың ардагерлер кеңесі, билер кеңесінің мүшелері қатысты. Елдің береке бірлігі жайлы қатысушылар ойларын ортаға салды.
Қатысушыларға Майқайың мешітінің имамы Б.Солдат алғысын айтып Исламдағы береке бірлік пен қазақ халқының бейбітшілік сүйгіш салт санасының үндестігі туралы мағлұматтар берді.
