ОБЛЫС МЕШІТТЕРІНІҢ АҒА БУЫН ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

ОБЛЫС МЕШІТТЕРІНІҢ АҒА БУЫН ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

2 мин
ОБЛЫС МЕШІТТЕРІНІҢ АҒА БУЫН ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА ҚҰРАНДЫ ЖАТҚА ОҚУ ЖАРЫСЫ ӨТТІ

Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінің ұйымдастыруымен облысы мешіттерінің аға буын жамағаты арасында Құран Кәрімнің 22 сүресінен жатқа оқудан тағылымды жарыс өтті. Өңірдің аға буын өкілдерінің басын қосқан бұл рухани шараның басты мақсаты – қасиетті Құранға деген құрметті арттыру, діни білімді насихаттау және өскелең ұрпаққа өнегелі үлгі көрсету.

Игі шара 2026 жылғы 28 қарашада Павлодар қалалық «Ақмешіт» мешітінде өтті. Сайысты «Ақмешіт» мешітінің бас имамы Әбілқайыр Қазбекұлы кіріспе сөзбен ашып, қатысушыларға сәттілік тіледі және аға буынның діни білімге деген ықыласының маңызына тоқталды.

Айта кетерлігі, бұған дейін осы жылы облыста жастар арасында Құранды жатқа оқудан 6 рет жарыс ұйымдастырылған болатын. Осыған орай, бұл жолғы сайысқа 30 жастан төменгі жастар мен жасөспірімдер қатыстырылмай, тек аға буын жамағаттарына ғана мүмкіндік берілді. Сайысқа облысқа қарасты аудандардан, Павлодар қалалық мешіттерінен, сондай-ақ Екібастұз және Ақсу қалалық мешіттерінен үздіктері қатысып, «ад-Духа» сүресінен бастап «ән-Нәс» сүресіне дейінгі 22 сүрені жатқа, тәжуид ережелеріне сай мәнерлеп оқудан шеберліктерін көрсетті.

Үміткерлердің сүрелерді жатқа білу дәлдігі мен тәжуид талаптарының сақталуын білікті мамандардан құралған әділқазылар алқасы бағалады. Қазылар алқасының құрамында:

Павлодар облысы бойынша діни оқу-ағартуға жауапты маман, «Әбу Бәкір Сыддық» мешітінің ұстазы Совет Есімбек, “Мәшһүр Жүсіп” қарилар даярлау орталығының ұстазы Жумалинов Манас қари, «Мәшһүр Жүсүп» мешітінің ұстазы Рустемов Дәулет тер болды.

Тартысты әрі тағылымды өткен сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар келесідей бөлінді:

І орын – Ерболат Баянбекұлы («Ақмешіт» мешіті)

ІІ орын – Солташев Алькен («Ғазиз» мешіті)

ІІІ орын – Жуспов Талғат Кукенович (Ақтоғай ауданы)

Жүлделі орын иегерлері Мадақтама, ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Сондай-ақ жарыстың ең үлкен қатысушысы, 74 жастағы ақсақал Жексенбинов Шығымбай Қайырұлына арнайы номинация сыйлығы табысталып, барлық қатысушыларға алғыс хаттар берілді.

Шара соңында ұйымдастырушылар жасқа қарамай білімге, құлшылық пен Құранға ұмтылған аға буын жамағатына шынайы алғыс білдіріп, облыстағы мұндай рухани-тағылымды шаралардың алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс