ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АҚСУ ҚАЛАСЫНДА ІССАПАРМЕН БОЛДЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АҚСУ ҚАЛАСЫНДА ІССАПАРМЕН БОЛДЫ

48
1 мин
ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫНЫҢ БАС ИМАМЫ АҚСУ ҚАЛАСЫНДА ІССАПАРМЕН БОЛДЫ

Ақсу қаласындағы мешітке Павлодар облысының өкіл имамы Жұманазар қари Садырханов арнайы келіп, жергілікті жамағатпен жүздесті.

Сапар барысында өкіл имам бесін намазын жүргізіп, жамағатқа тағылымды уағыз айтты.

Уағыз барысында діни құндылықтар мен имандылықтың маңызына тоқталып, жамағатты бірлікке, ізгілікке және рухани тазалыққа үндеді.

Сонымен қатар, Жұманазар Садырханов Ақсу қаласына қарасты ауылдардың имамдарымен кездесіп, өзара пікір алмасты. Мұсылмандардың қара шаңырағы Мүфтият тапсырмаларына жіті мән беруге шақырды.

Тағылымды кездесудің мақсаты – жамағаттың рухани бірлігін нығайтып, өңірдегі діни қызметтің дамуына үлес қосу.

1.jpeg

2.jpeg

3.jpeg

4.jpeg

5.jpeg

6.jpeg

7.jpeg

9.jpeg

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс