Павлодарлық имамдар арасында қызметтік ауыс-түйістер болды.
Оның бірі қалалық «Омар әл фаруқ» мешітінде 2017 жылдан осы уақытқа дейін абыроймен қызмет атқарып, жамағат арасында абыройға ие болып, мешіттің жағдайын жасап еңбек етіп келген Есімбек СОВЕТ имам. Есімбек Советұлы ҚМДБ, оқу-ағарту бөлімімен келісілген шешім бойынша Павлодар қаласындағы «Әбу Бәкір Сыддық» медресесіне директор болып тағайындалды.
Бай тәжірибесі, мол білімі бар Есімбек имам арықарай медресенің абыройын көтеріп қызмет ететіне сенім білдіреміз.
«Омар әл фаруқ» мешітіне имам болып «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде наиб имам қызметін атқарып келген Әліпбай Ақтөре тағайындалды. Әліпбай Ақтөре жоғары білімді, Мысырда да діни білім алған.
Екінші ауыс-түйіс Павлодар қалалық «Әбубәкір сыддық» мешітінің бас имамы болып 2017 жылдан бері абыроймен қызмет етіп келген Әкімбеков Біржан қалалық «Ақмешіт» мешітіне наиб имамдық қызметке ауысып, орнына қалалық «Бижан» мешітінде көп жыл имам, наиб имам болып қызмет еткен Сагинов Самат тағайындалды.
Қызметте ауысқан имамдарға жамағат қазақ дәстүрі бойынша иығына шапан жауып шығарып салды.