Павлодар облысының бас имамы Жолдас Қоспақұлы арнайы іссапармен Аққулы ауданына барды.
Онда алдымен Ямышев аулында болып, ауыл мешітінің жағдайымен танысып, мешіт жамағатымен және ақсақалдармен кездесті. Бас имам олармен ислам және дәстүр құндылықтары, бірлік, ынтымақ, татулық туралы әңгімелесіп, сұрақтарына жауап берді.
Жолдас қажы Қоспақұлы келесі кезекте Шабар аулында болып, жаңадан салынып жатқан намазхана мен асхана құрылысының барысымен танысты. Бұл ауыл кішкентай болса да аталмыш игі шара ауыл жамағатының бірлігі арқасында салынып жатыр. Сондықтан да бұл орынға болашақта қызмет етуі тиіс білікті, білімді молданы дайындау туралы әңгімелесті.
Содан кейін Әйтім аулында болған бас имам жуырда салынып біткен жаңа ғимаратпен танысты. Қазір бұл ғимараттың құжаттары реттеліп жатыр. Алдағы уақытта ғимаратты мешіт болдыру бағыты болғандықтан осы жұмыстар туралы ақылдасты.
Бас имам одан кейін Бесқарағай аулының мешітіне барып, тыныс-тіршілігмен танысты. Бұл жерде имамның бастауымен, жамағаттың қолдауымен мешітте жаңадан мәйітхана ашылып, марқұмдарды осында жуындырып, кебіндеу ісі қолға алыған. Сонымен қатар жаңадан мәдениетті дәретхана да ашылған болатын.
Бесқарағай мешітінің жамағатымен кездескен өкіл имам оларға мүфтияттан атқарылып жатқан іс-шаралар, негізгі 5 бағыт туралы түсіндіріп, жастар тәрбиесі, ел бірлігі аса маңызды екендігі туралы кең көлемде уағыз-насихаттар айтты.
Іс-сапар арықарай жалғасуда.








