ҚОЛҒА СУ ҚҰЮ

ҚОЛҒА СУ ҚҰЮ

1166
2 мин
ҚОЛҒА СУ ҚҰЮ

Қазақ қонақ күту мен қонақ бола білуде сыналады. Қазақтың қонақ күтуінде сыналатын қызыметінің бірі - ҚОНАҚТЫҢ ҚОЛЫНА СУ ҚҰЮ.

Осы күні қонаққа барғанда және қонақ шақырғанда келген қонақтардың жағымсыз бір әркеттерін байқап жүрміз. Кейбір қонақтар қонақ күтіп отырған үйдің (әсіресе қалада) баласы иығына сүлгісін салып, қолына құман-ілегенін алып келген кезде, мен "қолымды жуынатын бөлмеге барып, қолымды өзім жуып келемін" деп, қолына су құйдырмай жүр. Өткенде бір үйде қонақта болдық. Ет желініп, бата жасалған соң, қолға су құбюға бала келді. Отырғандардың көбі өре түрегеліп, шығып кетіп, қолдарын өздері жуып келді. Төрде екі-үш қария ғана қол жуып, қолға су құйған балаға алғысын айтып, жақсы тілегін білдірді. Мен қолға су құйылып, көп кісі қолдарын өздері жуып келген соң, сол кісілерге сұрақ қойдым;

- Кісі үйіне неге қонақ шақырады?

- Келген қонақтың қолына баласы неге су құяды? - деп. Отырған қонақтар білгенін айтып жатыр. Өздері қол жуып келген кісілер меннен жасы кіші болған соң, қатты ескертіп, ұрыса айттым.

Азаматтар, қонақ шақыру дегеніміз -

1-шіден көптен үйінен сыбаға жемеген кісілерді шақырып, СЫБАҒА БЕРУ.

2-шіден ҮЛКЕННІҢ БАТАСЫН АЛУ.

3-шіден әйелі, балалары, келіндері қонаққа қызмет етіп, қонақтардың АЛҒЫСЫН алып ЖАҚСЫ ТІЛЕГІН есіту. Мына үлкен кісілер асқа БАТАСЫН БЕРДІ, үй иелеріне, балаларының қызметтеріне АЛҒЫСЫН айтты. Ал, сіздер не бата берген жоқсыздар, не ҚОЛҒА СУ ҚҰЙЫП, сіздерден АЛҒЫС аламын деп келген баланың қызметінен бас тартып, АЛҒЫС айтуға жарамадыңыздар. Сонда не үшін ҚОНАҚҚА КЕЛДІҢІЗДЕР?! Қарын тойғызуға ма ... , - деп, ескерту айттым. Байқасаңыздар, осындай ұсақ-түйек деп есептейтін дүниеден қазақтың үлкен ЖАҚСЫ ҮРДІСІНЕН айырылып бара жатырмыз.

ҚОЛҒА СУ ҚҰЮ - ҚАЗАҚТЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРНЫ ЕРЕКШЕ, ҚОНАҚҚА ӘДЕППЕН, СЫПАЙЫ ҚЫЗМРЕТ ЕТУ. (қолға су құярда үлкендер " құмандағы суың жылы болсын, құманды екі қолдап ұста, әдеппен қонақтың қолына үзіп-үзіп үш рет құй, тағы құй десе, тағы құясың" деп түсіндіріп отыратын)

ҚАЗАҒЫМ, ҚОНАҚ КҮТЕ БІЛЕЙІК ҺӘМ ҚОНАҚ БОЛА БІЛЕЙІК.

 

Оңдасын ОРАЗОВ

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс