ҚМДБ, «QAMQOR-SHARAPТ» орталығының директоры Мейрамбек Қабылбекұлы және "Sharapat-Digital" ЖШС-ның директоры Тойжанов Еркін Мұратұлы Павлодар облысын арнайы іссапармен келді.
Жұмыс сапарымен келген меймандар алдымен қала және аудан имамдары, «Еріктілер» тобымен кездесіп, қамқор-шарапат бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы мағлұматтар айтылды. Сонымен қатар «Зират және зиярат мәдениеті» құжаты талдап таныстырылды. Мемлекеттің тапсырмасы бойынша жергілікті елді мекендер жанындағы қабірстандарды цифраландыру жұмысы туралы егжей-тегжейлі түсіндірді. Келесі кезекте М.Қабылбекұлы «Ертіс» арнасы «1-студия» бағдарламасы арқылы сұқбат беріп, қамқор шарапаттың жұмысы туралы Павлодар халқына кеңінен әңгімелеп берді.