Қазан айының 21-ші күні Ақсу қалалық мешітінде ауыл имамдарымен кездесу өтті.
Кездесуде Ақсу қаласы мешітінің бас имамы Әбдімүтәліп Омаров ауыл имамдарына Республикалық имамдар форумдарында қабылданған көптеген құжаттармен таныстырды.
Сонымен қатар, имамдардан мешіттің қысқы дайындықтары туралы танысып, толғандырған мәселелері жайлы ойларымен бөлісті. Мешіт істеріне байланысты кейбір мәселелерді қалай шешу керектігін ақылдасты.
Келесі кезекте имамдар арасында дәстүрлі спорттың бір түрі болған-Садақ атудан жарысын ұйымдастырылып, жүлдегерлерге ақшалай сыйлықтар табыс етілді. Соңында ақ дастархан жайылып, бата-тілектер айтылды.






