Бүгін орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінде қала, аудан имамдарының қатысуымен арнайы жиналыс болып өтті. Жиналыста біріншіде, еңбек шарты туралы мәселе қаралып, облыстық, еңбекті қорғау басқармасынан арнайы маман келіп түсіндірді. Онда, еңбек шарты қалай жасалады, қандай тәртіп ережелері бар, заң жүзінде мәселелер қалай шешіледі деген бағыттарда әңгімелер өрбіп, соңында имамдардың сұрақтарына маман жауап берді.
Екіншіде, облыстық ішкі істер департаментінен антитеррорлық қызметті жауаптанған өкіл келіп, мешіттердің болжаусыз антитеррорға дайындығы, мешіттерге камералар орнату туралы сөйлесті.
Келесі кезекте бас имам Жолдас Қоспақұлы ҚМДБ-ның тапсырмалары, жылдық есепке дайындық жұмыстары туралы пысықтады.





