قَالَ اللهُ تَعَالَى: يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لَا تَتَّخِذُوا الْيَهُودَ وَالنَّصَارَى أَوْلِيَاءَ بَعْضُهُمْ أَوْلِيَاءُ بَعْضٍ وَمَنْ يَتَوَلَّهُمْ مِنْكُمْ فَإِنَّهُ مِنْهُمْ إِنَّ اللهَ لَا يَهْدِي الْقَوْمَ الظَّالِمِينَ. (سورة المائدة، 51)
Алла тағала былай деп бұйырады: "Ей, иман етушілер! Яһудилер мен христиандарды дос тұтпаңдар! Олар бір-біреулерінің достары. Сендерден кім оларды дос тұтса, күмәнсіз, ол солардан. Расында, Алла залым елді тура жолға салмайды" (Маида сүресі, 51-аят)
Aлла Тағала Мұхаммед сүресінің 8 және 9 аяттарында былай дейді (мағынасы): “Ал күпірлік қылғандардың соры құрысын! Алла олардың істерін бекерге кетіріп, түкке тұрғысыз қылады. Иә, солай қылады. Өйткені олар Алланың түсіргенін (яғни, Құранды) өздерінше жаратпады. Сол үшін Алла олардың бүкіл істерін зая қылды.”
Бұл қасиетті аятта Алла кәпірлердің соры қайнайтынын ескертеді. Және олардың бүкіл амалдары, еңбектері зая кетеді. Мұның бәрі олардың Алланың түсіргенін жақтырмағандарына байланысты. Расында олар өз еріктерімен Алланың дініне қызмет, қолдау көрсетудің орнына керісінше әрекет еткен. Сол үшін де Алла олардың амалдарын бекерге кетіріп, түкке тұрғысыз қылған. Енді олардың мына өмірдегі кей істері пайдалы, ахлаққа сай көрінсе де, мәнінің құны, пайдасы жоқ. Өйткені діни негізге сүйенбеген. Алла Тағалаға бойұсыну үшін жасалмаған.
Алла Тағала Мұхаммед сүресінің 10 аятында болса былай дейді (мағынасы): “Олар жер-жаһанды кезіп өздерінен бұрын (Алланың аяттарын өтірікке балап, күпірлікте табандап) өткен қауымдардың ақырының не болғанын өз көзімен көріп, ғибрат алмай ма? Алла оларды жермен-жексен қылды. Бұл кәпірлердің ақыры да солай болады.”
Бұл аятта жермен-жексен болған қауымдардың қалдырған ізін және олардан жеткен хабарды баяндау арқылы өткеннен ғибрат алу шақыру бар. Өйткені Арабияда болсын, басқа жерлерде болсын қор болған, жойылған халықтардың ақыры, жүрген-тұрған іздеріне қарап, Алланың оларға жаудырған кесапатын аңғаруға болады. Ол кәпірлерге де сондай нәтиже жарасады. Яғни ол қор болған кәпірлерге сондай нәтиженің лайық боғанындай, күпіршілік етіп Алла жолынан адасқан бүгінгі кәпірлерге де лайығы сол. Бұл нәтиже айналып келгенде қорлық пен жоқ болудан басқа ештеңе емес.