Бірде бір кісі: “Құдай деген Махаббат!”-деген сөзді естиді.
Сосын ол қайтсем де махаббатты іздеп табамын деп жолға шығады.
Ол енді жұрттың махаббат жайлы не айтып жатқанына құлақ сала бастайды.
***
Міне ол біреудің: “Ет жегенді жақсы көремін!”-деген сөзін естіді. Ол барып бір марқа қозыны сойып, етін қуырып жеді.
Тағы біреу: “Аңға шыққанды жақсы көремін!-деді. -Ұшып бара жатқан құсқа оғымды дәл тигіземін! Іздеген аңымды небір қалың тоғай ішінде тез таба аламын, оған оғымды дәл тигізіп, терісін сыпырып аламын!”
...”Ал мен түкті терілерден тігілген киімдерді кигенді жақсы көремін!”-деді бір сұлу ару.
...”Мен гүлдерді жақсы көремін!”-деп тағы бір келіншек қосылды. Ол гүл шоқтарын құмыраға бөліп салып, олардың біртіндеп солып, қурап бара жатқанына қарап тамашалап отырады... Және ол әйелдің махаббаты жайлы... олар ол жайлы ештеңе білмейді!... Сонымен ол тамырынан айрылған өзінің гүлдері секілді боп, махаббат пен сұлулықтың символы болды!...
Басқа бір еркек:
“Әйелімді жақсы көремін! Оған деген құмарлығым сонша, егер ол басқа еркекпен бірге кетіп қалатын болса, өлтіремін оны!”-дейді...
... ”Мен барлық әйелдерден гөрі мақтағанды, даңқты жақсы көремін!-деді бір әскери қолбасшы. -Бір сәт даңқты болу үшін барлығын беруге дайынмын!”... Сонысымен ол дұшпандарын тауып алады да, солармен соғысуға қарамағындағы әскерлерін жұмсайды... Ол сонымен бір сәттік даңқ үшін - адамдарды өлімге жұмсауға дайын...
... “Мен билікті жақсы көремін!-дейді император. -Еліме заңды мен өзім шығарамын! Барлығы менің айтып тұруыма бағынады! Мен неі айтсам, барлығы солай болады: қаласам - кешіре салам, қаламасам -дарға асамын, қаласам, бейбіт түрде тіл табысамын, немесе соғыс бастай саламын!”
... Ол адам сонымен қатар:
“Біз Құдайды жақсы көреміз! Иманымыз үшін өлуге дайынбыз! Иманымыз үшін кәуірлерді өлтіруге дайынбыз!”
***
Осы сөздерді естіген адам қорқып кетті... Сондықтан ол:
“Бірақ мұның бәрі махаббатқа ұқсамайды ғой!”-деп айқайлап жіберді.
Сол мезетте тау ол дауысты:
“Бұл махаббат емес!...”-деп жаңғыртты.
Жапырақтар да сол сәтте: “Бұл махаббат емес!”-деп сыбдырлады.
Құстардың бәрі: “Бұл махаббат емес!”-деп сайрады.
Өзендер де: “Бұл махаббат емес!”-деп сыңғырлады.
Мұхит жағасындағы толқындар да: “Біреу өзінің қалауы үшін қан төгіп, біреудің жанын алатын болса, ол ешқандай да махаббат емес!”-деп жатты.
Сонымен ол адам одан ары кетті.
***
... Сонымен ол адам басқа бір елде жап-жақсы балақайды көрді. Сол баладан:
“Нені жақсы көресің?”-деп сұрады.
“Анашым мен әкешімді жақсы көремін, мына гүлге тола даланы жақсы көремін! Мына өзен мен орманды да жақсы көремін! Сонымен қатар ән салып, би билегенді жақсы көремін, жұмыс істеп, ойнағанды да! Менің сүйіспеншілік қасиетімді айналамдағының бәрі жақсы көреді! Барлығы мені жақсы көреді!”
...Бір ғашық адамды көріп қалып ол адам, одан нені жақсы көресің деп сұрады. Ғашық адам оған жауап ретінде өз махаббатының сөзін, яғни өзінің сүйіктісіне айтқан сөзін: “Сүйіктім, бақытты бол! Мейлі, сен енді басқа адаммен болсаң да... Қайталап айтам: сүйіктім, бақытты бол! Бақытты бол! Мен сен үшін қуанышты екенімді біл!”
...Ол енді кереметтей құлпырып тұрған бау-бақшаны көрді! Жайқалып бидайы пісіп тұрған егістікті көрді. Сосын соны өсірген диқанды көрді. Сосын одан: “Нені жақсы көресің?”-деп сұрады.
Ол: “Мен жерді жақсы көремін! Сол жерге бау-бақша, бидай, гүлдер егемін - сосын жер маған өз жемісін, бидайы мен гүлін өсіріп береді. Бау еккен диқан жеміс-жидекке қарық болып, айналасына өз махаббатын шашады!”
... Сосын ол тәртіп орнаған, бейбіт елді, ондағы тұрмысы жарасқан адамдарды көреді. Сол елдің патшасынан: “Нені жақсы көресіз?”-деп сұрапты.
“Елімді, халқымды жақсы көремін!”-деп жауап береді дана патша.
-“Елімде бейбітшілік болғанын, ешқандай соғыс болмағанын қалаймын”, сол үшін кез-келген адамның алдында басымды июге дайынмын”.
... Адам онан ары кетіп тың тыңдап, жан-жағына қарап.
Сосын ол шын жүрегімен Құдайды сүйетін әулие адамды көреді.
Сол жерде ол әулие кісіден: “Құдай үйрететін сүйіспеншілік дегеніміз не? Құдайдың сүйіспеншілігін қалай танимыз? Шынымен сүйе ма, сүймей ма, қалай ажыратамын?”-деп сұрайды.
Әулие айтты: “Есіл-дертің өзіңнің қалауың болатын болса ол махаббат емес. Оның бәрі нәпсіңнің қалаулары, құмарлықтарың, дүниеқұмарлығың. т.т. т.с.с. ... Махаббат деген - Ғаламды жаратудың негізі, Оның нұры!
Ары қарай әулие үйретіп жатыр:
“Су өзінің мөлдір тасқынын ағызады, сол арқылы бәрінің шөлін басады, Құдай осылай жақсы көреді!
Жер өзінде бүкіл тіршіліктің тамағы: өсімдіктер мен жеміс-жидектердің бәрін өсіреді, Құдай осылай жақсы көреді.
Күн жарқырап, барлығына жарығын шашып тұрады, Құдай осылай жақсы көреді.
Енде сен де солай сүй, барлығына мейіріммен және махаббатпен қарап.
Сыйлаушы махаббат - міне жанның нұры!
Болмысыңдағы махаббатты арттыр, сонда Құдайдың махаббатын сезесің және көретін боласың!”
Сопылық. Махаббат. Үйлесім. Сұлулық.
аударған Жүрсін Кәрім