ТЕМЕКІ - ДЕРТ

ТЕМЕКІ - ДЕРТ

799
3 мин
ТЕМЕКІ - ДЕРТ

Біле тұра талай жан,

Саудаға салып, ар-иман.

Алдап берген уынан,

Көп жұтқысы келеді.

(ШӘКӘРІМ қажы)

Темекі тарту - дүние жүзіне 20 ғасырдың қара өлім себушісі ретінде танылып отырған дерт. Статискалық мәліметтерге жүгінсек, шылым шегетіндер темекі тартпайтындардан ҮШ есе көп өледі екен. Оның себебі - темекі тарту адамның түрлі ауруларға шалдығуына себепкер болады.

Темекі тартатын адамдардың көбісі жүрек, қан тамырлары ауруларына шалдығады, асқазан, ішек жараларына тап болады, өкпе рагына ұрынады. Темекі түтінінде адамның денсаулығына зиянды 30-ға жуық химиялық заттар бар.

Олар: никотин, аммиак, түрлі құрамдағы газдар, қорғасын, висмут, т.б. қышқылдар. Бұлардың бәрі адам организіміне, әсіресе нерв жүйесіне зиянды әсерін тигізеді.

"Бір тамшы никотин ат өлтіреді" - дейді дәрігерлер. Бұл сөздің жаны бар. Сондықтан темекі, оның құрамындағы никотин адам өміріне өте қауіпті, одан ат та, адам да өліп кетеді. Темекі түтінен адамның тамағының сілекейлі қабығы зардап шегеді, дауысы қарлығып өзгереді, адам жазылмайтын жөтелге тап болады. Қақырығының түсі өзгеріп, қара түске енеді.

Темекі тартатындар өкпе ауруларына да жиі шалдығады, басқа сырқаттар кезінде қатты қиналады. Темекі тартудың салдарынан адамның тісіне де зақым келеді - тістің сыртқы - эмаль қабығы сынады, тіс сарғаяды. Сілекейге араласқан никотин адам жұтынғанда асқазанға түседі. Сөйтіп қарынды, ішекті ауруға ұшыратады, мәселен, адам созылмалы (хронический) гастритке шалдығады. Темекі тартатын адамдардың 18%-і гастритке немесе асқазан жарасы ауруларына шалдығады. Темекі тарту - адам организімінде "С" витаминнің жетіспеушілігіне ұрындырады. Бұл витаминнің орнын толтыру үшін, егер темекі тартатын адам күніне 20 тал сигарет пайдаланса,

4 килограмм апельсин жеу керек. "С" витамині жетіспеген адамның ақыл-есі кемиді, шаршай береді.

Темекі шегетін оқушылар мен студенттердің сабақ үлгерімдері төмендейді. Шылым шегетін студенттердің ақыл-есі 5%-ға кемиді, ал жазу-сызуға қабілеті 7%-ға нашарлайды. Кезінде Ислам дінін қабыл еткен немістің ұлы ақыны ГЁТЕ былай деген болатын: "Темекі шегуден мең-зең болып, ақыл-есің кемиді. Шылым тарту мен ой еңбегі бір-бірімен сиыспайды. Темекі тарту - жалқау, топас адамдарға ғана жақсы".

Темекі тартатындар Құдайдың кең ауасын тарылтып, төңірегіндегілерге үнемі өлшеусіз зиянын тигізеді.

Жәй әдеп сақтағаны болмаса, темекі тартпайтындар көктемнің сасық текесіндей исі мүңкіген адамнан аулақ кетуге әрдайым тырысады. Себебі - темекі тартушы түтін арқылы жер-әлемді былғап, алыс-жақын адамдарына тек қасірет әкеледі.

Бас көзімен қарасаң нәпсі - жалған,

Бір сұлу қыз сықылды жұрт таңдаған.

Анық ақыл көзімен қарағанда,

Өзін берер қалыңға ол қызды алған.

Қылықты қыз сияқты көрінсе де,

Өлшеусіз сансыз байдан жесір қалған.

Күнінде қызыл гүлдей жүз күлсе де,

Сырт айналса, жүрекке жалын салған.

Бас алуға жаралған бір жәдігөй

Өткір қылыш сықылды уға малған.

Өлмей адам осыдан құтылар ма,

Неге қылып жүргеміз өлімді арман?

Нәпсі үйінде байлаулы ынсап жатыр,

Мұның емін, тегінде, сол аша алған.

Сопысынып, ақсынып әуре болмай,

Ер болсаң босатып ал сол зынданнан. (ШӘКӘРІМ қажы)

 

Жарас КАБИШЕВ

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс