Әйел - аманат, ол қорлану үшін жаратылмаған,
Әйел - бұл жердегі жәннатымыз…
Әйел - махаббаттың иесі, сабырдың тәжін киген ханым.
Әйел - қысқы күннің шуағы, жазғы түннің айы, көктемнің тынысы.
Ол - шөл далаға жауған жаңбыр тамшысы секілді…
Ер адам екі рет дүниеге келеді:
Бірінші рет оған өмір сыйлаған әйелден - бұл анасы,
Екінші рет оған махаббат сыйлаған әйелден - бұл жұбайы, сүйіктісі.
Ей, ер азамат!
Жаның алғаш үрленгенде сен әйелдің құрсағында едің…
Алғаш жылаған сәтіңде - әйелдің құшағында едің…
Махаббатты алғаш сезінгенде - сен әйелдің жүрегінде едің…
Әйел - сенің қабырғаңнан жаратылған,
Сен - оның жатырынан, оның жүрегінен туылдың.
Егер сен оған нағыз еркек бола білсең - ол нағыз әйел болады.
Егер сен оған патша бола білсең - ол саған ханшайым болады.
Ал егер сен түкке тұрғысыз болсаң - одан бәрін талап етпе…
Оған ренішің болса - наз айт, бірақ жазалама…
Оған құрмет көрсету - өзіңе құрмет көрсету,
себебі сен екеуің - біртұтассыңдар.
Әйел - аманат, ол қорлану үшін жаратылмаған.
Әйелді тек жомарт, көркем мінезді жан ғана ардақтайды, ал оны қорлайтын тек арам ниетті, төмен адам ғана…