ҰРПАҚ АҚЫСЫ

ҰРПАҚ АҚЫСЫ

201
3 мин
ҰРПАҚ АҚЫСЫ

 

 قَالَ رَسُولُ اللهِ صَلَّى اللهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ: ثَلَاثُ دَعَوَاتٍ مُسْتَجَابَاتٌ لَا شَكَّ فِيهِنَّ دَعْوَةُ الْمَظْلُومِ وَدَعْوَةُ الْمُسَافِرِ وَدَعْوَةُ الْوَالِدِ لِوَلَدِهِ. (الجامع الصغير)

Пайғамбарымыз (с.a.у.) айтады: “Үш дұға бар, сөзсіз қабыл болады: Жәбір көрушінің дұғасы, жолаушының дұғасы және әкенің баласына жасаған дұғасы”. (Суюти, әл-Жамиғ ус-сағир)

Баланың тәрбиесінде ата-ананың мән беруі керек кей мәселелер мыналар:

• Дініміз бұйырған туралық пен әділдік тәрізді жақсы әдеп, тәрбиеге баулып, баланы қайырлы іс жасауға дағдыланыру керек.

• Баланың мінез-құлқы нашар біреулермен достасуына жол бермей, олардан аулақ болуы керек. Өйткені жас бала оңай бейімделгіш, еліктегіш келеді.

• Балаға дінімізде жақсы саналған нәрселер қашан да жақсы көрсетіліп, дініміз бойынша жаман істер жағымсыз, дұрыс емес нәрсе ретінде көрсетілуге тиіс.

• Баланың бойына ішіп-жемге тым құмар болмау, шама-мөлшермен тамақтану дағдысын сіңіру қажет.

• Баланы күндіз көп ұйықтатпаған жөн. Өйткені күндізгі ұйқы адамды жалқаулыққа сүйрейді.

• Балаға сөзде де, істе де әрдайым байсалды болуды үйрету керек. 

• Баланы қатар-құрбысынан өзін артық көрмеуге, оларға дөрекілік танытпауға және жаман сөз айтпауға әдеттендіру қажет. 

• Ақша құмарлықтан сақтандыру керек.

• Балаға ағайын-туысты таныстырып, туыстық қатынасын күшейткен жөн. 

• Дініміздің бұйрықтарын үйретіп, құлшылықты баламен бірге жасап, оған да жақсы үлгіде атқаруды үйрету қажет.

Ғұламалар былай деген: 

“Адам бақытының бір себебі оған бала шағында дін үкімдерін орындау дағдысын үйретуде. Ол бала өсіп дін бұйрықтарын орындау тапсырылғанда бұған тез көнеді және бәрін бұрын үйреніп алғандықтан міндетін атқаруға ынтасы артады”.

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс