«МАҒАН ПӘТУА ЕМЕС, АҚША КЕРЕК»

«МАҒАН ПӘТУА ЕМЕС, АҚША КЕРЕК»

1399
2 мин
«МАҒАН ПӘТУА ЕМЕС, АҚША КЕРЕК»

Хазреті Имам Ағзам Әбу Ханифаның (Алла оны рақымына бөлесін) атақты шәкірттерінің бірі Имам Әбу Юсуф (Алла оны рақымына бөлесін!). Бір күні шәкірт Әбу Юсуф моншаға барып, шомылғысы келеді. Бірақ моншаға төлейтін қаражаты жоқ еді. Дегенмен шомылуға мұқтаждығы болғандықтан монша қызметкеріне барып, қаражатының жоқтығын айтып, оның орнына діни бір пәтуа үйрететінін айтады. Монша қызметкері де;

– Маған пәтуа емес, ақша керек. Ақшаң болмаса моншаға кірмейсің, деп қайтарып жібереді.

Көңілі болмай медресеге кері қайтқан Әбу Юсуф ұстазына келіп, болған оқиғаны айта отырып білім жолын тәрк ететінін жеткізеді. Сонда ұстазы Имам Ағзам Әбу Ханифа;

– Балам, сабыр ет! Біліміңді жалғастыра бер. Күндердің күнінде білім сені қадірлі етеді, дейді.

Осылайша арадан бірнеше жыл өтеді. Бала кезінде болған бұл оқиғаны Әбу Юсуф ешқашан есінен шығарған емес. Осы аралықта ол мемлекеттің білім саласындағы жоғарғы лауазымға қол жеткізеді. Елдегі бүкіл пәтуаларға жауапты болады. Бір күні бір кісі келіп пәтуа сұрайды. Ол кісі баяғы моншаға кіргізбей жіберген монша қызметшісі еді. Ол:

– Жақында қызының ұзатылатынын айтып, оған ең қымбат деген дүниені сыйлық етуге уәде беріп, ант еткенін жеткізеді. «Сол уәдемді, антымды қалай өтесем болады?», – деп пәтуасын сұрайды. Сонда Әбу Юсуф әлгі монша қызметкеріне:⠀

– Маған мынанша алтын бер, сосын барып сұраған пәтуаңның жауабын аласың! – дейді. Монша қызметкері де қуанғаннан сұраған алтынын береді. Әбу Юсуфта оған:

– Қызыңа Құран Кәрім кітабын сыйға бер. Сонда берген уәдең, антың орындалады, – дейді.

Монша қызметкері де ғалымның берген пәтуасына разы болып, рахметін айтып, орнынан тұра бергенінде Әбу Юсуф:

⠀– Мені таныдыңыз ба,-дейді. Осыдан пәлен жыл бұрын қалтамда қаражат болмай моншаңызға шомылу үшін діни бір пәтуа беремін, дегенімде «маған пәтуа емес, ақша керек» деп моншаңа кіргізбей қайтарып жіберген шәкірт мен едім. Сол кезде сізге үйретейін деген пәтуам да осы еді. Ал, бүгін алдыма келіп, қанша алтыныңды беріп, пәтуаңды алудасың, – дейді болған оқиғаны есіне түсіріп.

«Балаңызға Құран үйретіңіз, қалғанын Құран өзі үйретеді» деген екен ізгі жандар.

Дайындаған – Тұрар ТҮГЕЛҰЛЫ

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс