ҚҰРАНДА ТЕК ҚАНА 3-УАҚЫТ НАМАЗ АЙТЫЛҒАН БА?

ҚҰРАНДА ТЕК ҚАНА 3-УАҚЫТ НАМАЗ АЙТЫЛҒАН БА?

2093
2 мин
ҚҰРАНДА ТЕК ҚАНА 3-УАҚЫТ НАМАЗ АЙТЫЛҒАН БА?

Кеше кешкі уақытта студентім хабарласып, ұстаз, осы Құранда намаз шынымен 3- уақыт айтылған ба деп сұрады. Мұндай ақпаратты қайдан алдың деп сұрасам, бір имамның сөйлеген видеосының сілтемесін жіберді. Видеоны ашып қарасам сөйлеп отырған имам: (Құранда шынымен бес уақыт намазды таба алмайсыз, ол пайғамбар хадисімен толтырылған) - деп айды аспанға бір-ақ шығарыпты. Қарап отырып, өзі бес уақыт намазды ауыр деп жүргендердің жүректеріне күдік ұялаптығой деп қатты қынжылдым.

Осыған орай жауап берейін.

Біріншіден: Құран – мұсылмандардың өміріндегі, сеніміндегі және ғибадатындағы барлық нәрсенің түп негізі. Оған барлық шариғи үкімдер мен амалдар сүйенеді. Пайғамбардың (с.а.у) хадистері Құранды түсіндіру үшін қолданылғанымен, түпкі негізгі қайнар көз әрдайым Құран болып табылады.

Екіншіден: Барлық бес уақыт намаздың бір уақытта айтылуы бар. Ол Таха сүресінің 130-аяты.

“Раббыңа мадақ айт: Күн шықпай тұрып (таң намазы) және күн батпай тұрып (бесін, екінті намаздары). Түннің кейбір уақыттарында (құптан намазы) және күндіздің шетінде (ақшам намазы) Оны дәріпте”

Бұл аятты бес уақыт намазға қатысты деп тәпсірлеген кейбір танымал ислам ғұламалары мен тәпсіршілері бар. Кейбіреуіне тоқталайын:

Ибн Касир өзінің тафсир әл-Құран әл-Азим деген тәпсірінде бұл аятты бес уақыт намазға ишара ретінде түсіндіреді. Ол аяттағы “күн шықпай тұрып” және “күн батпай тұрып” деген сөздерді таң, бесін және екінті намаздарына, ал “түннің кейбір уақыттарында” дегенді ақшам мен құптан намаздарына қатысты деп түсіндірген.

Ислам тарихындағы ең атақты және сенімді тәпсірші имам Құртубидің әл-Жамиғ ли Ахкам әл-Құран (Құран үкімдерінің жинағы) атты тәпсірі де осы аятты бес уақыт намазға байланыстырады. Ол намаз уақыттарының таң мен күннің батуы арасындағы бөліктерін атап өтіп, аяттың намаздарға негізделген уақыттарды көрсетуге арналғанын жазған.

Бұл екі ғұлама мен басқа да ғұламалар Құрандағы аяттарды хадистермен үйлестіріп, намаздың бес уақыт екендігі туралы қорытындыға келген. Олардың пікірлері ислам фиқһы мен ғибадат жүйесінде негізге алынған.

P/S Ол имамның аты анонимный болып қалсын. Әйтпесе, ренжіп қалуы бек мүмкін!

Темур АМАНҚҰЛ

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс