МӘШҺҮР ЖҮСІП ПЕН ШӨНТЕКЕ ҚАЖЫ

МӘШҺҮР ЖҮСІП ПЕН ШӨНТЕКЕ ҚАЖЫ

415
2 мин
 МӘШҺҮР ЖҮСІП ПЕН ШӨНТЕКЕ ҚАЖЫ

Қатпа қажы Қазыбекұлы, ел ішінде "халпе" деп атаған.

Қатпа қажының ұлы Қабыл қайтыс болғанда сонау Көкше елінен көңіл айту үшін атығай қарауылдан Шөнтеке қажы келе жатқанын естіп Баянауылдан Мұздыкөлге (Железин) әулие Мәшһүр Жүсіп Көпеев те келеді.

Ақын, шежіреші Мәшһүр Жүсіп үйде отырғандармен сәлемдесе келіп:

- Ассалаумағалейкүм, уа, қажеке!

Мәдине құтты болсын, бардың Мекке.

Қыл көпір силап мизаннан өткендей боп,

Сау қайтып, аман - есен келдің жеке.

Келдің есен-аман данышпаным,

Бір түйе кебеже салған екеу ара,

Көлік жоқ мінетін жеке дара.

Өң мен түстей болып қала барді,

Байтолла, Руза Шәриф бес мың қала.

Сонда Мәшһүр Жүсіптің мына сөздерін естіп Шөнтеке қажы жылап жіберді. Ақын сөзін өлеңдете әрі қарай жалғастырды:

- Қағазға жаза берсем, кетер симай.

Көзіңнен ағызарсың жасың тимай.

Артында бір нәрсе қалғандай боп,

Жөнелдің Пайғамбарды шын қимай.

Түйесін бәдәуилер жаяу айдап,

Үстінде михрам кидің, әлі де байлап.

Жамыраған қозыдай боп улап-шулап,

Жөнелдің жолға «ләббай» деп айғайлап.

Шөнтеке қажы ақынның сөзіне, біліміне қайран қалып, Қатпа қажыға бұрылып «Мәшекең қажылыққа қашан барды?» деп бірнеше мәрте сұрапты.

Сонда Мәшһүр Жүсіп:

- Дін үшін қайрат қылған, сіз бір батыр,

Талай бай боқ басында өліп жатыр.

Мүтмиллә, үмітмиллә дұғасының ішінде,

Болып па екен біздей пақыр, -деп сөзін аяқтаған сәтте Шөнтеке орнынан ұшып тұрып, ақынның қолын алып, батасын берген екен.

 

 

 

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс