КҮЙЕУ ҚАЙЫН ЖҰРТЫНА КЕЛГЕНДЕ БАТА ЖАСАМАЙДЫ.
Себебі өз жұртында әр ру өзің басқарып, әулетіне, өздері бата береді. Алыстан келген сыйлы қонақтар бата береді.
Ал күйеу балаға бергізбейтіні жаман ырым.
Ұрпағы жоқ болып, қыз ұрпағы билемесін дегендік.
КҮЙЕУ БАЛА ҚАЛТАСЫНАН БӘКІСІН АЛЫП ПАЙДАЛАНБАЙДЫ, сол үйдің пышағын пайдаланады.
Пышақ қару ретінде түсінгендіктен, руы басқа күйеу баланың өз пышағын ұстауы әдепсіздік.
КҮЙЕУДІ ТӨРГЕ ШЫҒАРМАУЫ. «Есіктен кіріп төр менікі
деме, шаңырағыма ие болар өз ұрпағым бар» дегені. Күйеу бала жиырма жылдан кейін, төрге шығарып, құрметтейтін болған.
Бұл қазақтың өз жақынына да сақтықпен қарауы, біздің көрегендігіміз.
Р.S: Енді қытай күйеу балаларымызды қалай күтеміз? Ата салтымен төрге шығармайық.
Райхан МАТАЙ