ҒАЙБАТ СӨЗДІҢ НЕ ЕКЕНІН БІЛЕСІҢДЕР МЕ?

ҒАЙБАТ СӨЗДІҢ НЕ ЕКЕНІН БІЛЕСІҢДЕР МЕ?

1970
1 мин
ҒАЙБАТ СӨЗДІҢ НЕ ЕКЕНІН БІЛЕСІҢДЕР МЕ?

Әбу Һурайра (р.а.):

 «Бірде Алла Елшісі (с.ғ.с.):

Ғайбат сөздің не екенін білесіңдер ме? - дегенде,

Сахабалар:

Алла пен Оның елшісі бізден жақсы біледі - деді.

Алла  Елшісі (с.ғ.с.):

Ғайбат - мұсылман бауырың туралы (егер естісе) оған ұнамайтын сөз айтуың - деді.

Сахабалардың бірі:

Егер айтқаным рас болып, мен сөз еткен мін, кемшілік оның бойында болса ше? - деп сұрады.

 Сонда ол:

Егер сен сөз еткен мін, кемшілік оның бойынан табылса, оны ғайбаттаған боласың. Ал егер табылмаса, жала жапқан боласың - деп айтты» - деген.

 (Муслим риуаят еткен)

  • Комментарии
Загрузка комментариев...
Разработано в АЛЬФА Системс